Раффаэлло Джованьолидің "Спартак" романының сарынымен жазылған Юрий Григоровичтің либреттосы (Николай Волковтың сценарийі пайдаланылған)
Ресей, 2013, 2 сағат 45 минут Қоюшы хореограф: Юрий Григорович Қоюшы суретші: Симон Вирсаладзе Қоюшы дирижер: Геннадий Рождественский Рөлдерде ойнағандар: Михаил Лобухин, Анна Никулина, Светлана Захарова, Владислав Лантратов |
«Спартак» Үлкен театр балетінің рәмізіне айнылды.
Бұл туындының 1968 жылы пайда болуы қайталанбас тұлғалар – композитор Арам Хачатурянның, хореограф Юрий Григоровичтің, суретші Симон Вирсаладзенің, дирижер Геннадий Рождественскийдің және, әлбетте, майталман әртістер Владимир Васильев пен Марис Лиепаның, Нина Тимофееваның, Екатерина Максимованың есімдерімен тығыз байланысты.
Көркемдігі жағынан сирек кездесетін лирикалық дуэттер, адажио, ерлердің қуатты биі, қызықты мінез-құлық және Григорович тұрғызған сахнада іске қосылатын серіппе «Спартакты» аңызға айналдырды. «Спартак» балетін Үлкен театрдың труппасы қай жерде орындаса да – бұл әрқашан да зор жеңіс. Өмір, махаббат, кейіпкердің күресі мен қазасы – бүкіл дүние жүзіндегі көрермендерді 50 жылдан астам уақыт толғандырып келе жатқан тақырыптар.