Оскар Уайльдтің пьесасы
Ұлыбритания, 2015, 2 сағат 28 минут Vaudeville театрының қойылымы Режиссёр: Эдриан Ноубл Декорациялар мен костюмдер: Питер МакКинтош Композитор: Ларри Блэнк Рөлдерде ойнағандар: Дэвид Суше, Майкл Бенц, Филипп Камбас, Эмили Барбер, Иоджен Доэль |
Пуаро рөлін орындаған Дэвид Суше Оскар Уайльдтің біртума сықақты пьесасының жаңа қойылымында Брэкнелл ханымның рөлінде ойнайды.
Бойдақ екі дос, келбетті сәнқой Алджернон Монкриф және сенім артуға соншалықты лайық Джон Уординг аса сүйкімді бикештер Гвендолен Ферфакс пен Сесили Кардьюге қырындауға мүмкіндік алу үшін қосарлы өмір кешуге мәжбүр. Алайда бұл джентльмендер өздерінің алдамшы айла-шарғыларының шытырман әрі шегіңді қатыратын күлкілі салдарларымен, сондай-ақ аса қатаң Брэкнелл ханыммен бетпе-бет келуге мәжбүр болады.
Уайльдтің ең үздік пьесасы деген атаққа ие болған «Байсалды болудың маңызы» спектаклі бүгінге дейін бүкіл әлемнің театр сахналарында үнемі қойылып келеді. Алғаш рет ол көрермендерге 1895 жылғы 14 ақпанда Лондонның Әулие Джеймс театрында көрсетілді, сөйтіп, 2015 жылы пьесаға 120 жыл толады.