Верди музыкасы ешқашанда артық болмайды. Әсіресе оның ең танымал операсы туралы айтсақ. Және әсіресе – ХХI ғасырдың ең танымал қойылымы туралы айтсақ. Нетребко осы жобадан кеткеннен кейін де қойылымның танымалдығы кеміген жоқ; Мет театрында Деккердің спектаклі 2013 жылдан бері жаңғыртылып қойылуда.