Джакомо Пуччини

АҚШ, 2016, 3 сағат 15 минут

Дирижер: Паоло Кариньяни

Қоюшы режиссер: Франко Дзеффирелли

Хореограф: Цзян Цзин

Рөлдерде ойнағандар: Нина Стемме, Анита Хартиг, Марко Берти, Александр Цымбалюк

Швед сопраносы Нина Стемме алғаш рет Мет театрында мұздай қатқан қытай ханшайымының аса қиын рөлін орындайды. Анита Хартиг та Мет театрының сахнасына нәзік күң Лю рөлінде алғаш рет шығады. Марко Берти Турандотқа жету жолында өз өмірін қиюға дайын Калафтың партиясын, ал Александр Цымбалюк – оның әкесі Тимурдың партиясын шырқайды. Паоло Кариньяни спектакльге Франко Дзеффиреллидің 1987 жылғы сән-салтанатты атақты қойылымында дирижерлік етеді.