Осыдан бір жыл бұрын итальяндық тенор Витторио Григоло мен немістің сопраносы Диана Дамрау Мет театрында «Манон» операсында өнер көрсеткен болатын, сол кезде New York Times газеті орындаушылар сахнада бірге болған сайын әр кез сахнаның температурасы қайнау температурасына дейін көтеріліп отырды деп жазған еді. Демек, Нью-Йоркке  La Scala театрынан ауысқан қойылымда вероналық өлмес ғашықтардың (мейлі, қатыгез Шекспир оларға үкім шығарса да) партияларын орындау олардың маңдайына жазылған болуға тиіс .