Tele2

British Council ұйымы Қазақ-Британ техникалық университетімен (ҚБТУ) ҚБТУ-да британдық-қазақстандық «Ақылды қалалар» форумын ұйымдастырды, ол 24 мамырда сағат 9.30 – 16.00 аралығында өтті.

Бір күндік форум «Ньютон – Әл-Фараби» атты серіктестік бағдарламасының шеңберінде ҚБТУ-да құрылған Кәсіптік даму және өзара әрекеттестік орталығының базасында өткізілді. Форумның мақсаты – Ұлыбритания мен Қазақстандағы ғалымдардың және олардың зерттеулерінің түпкі нәтижелерін тұтынушылардың «ақылды қалалар» тұжырымдамасының ортақ ұғымын қалыптастыруына мүмкіндік беру және Алматыдағы экологиялық мәселелердің (мысалы, ауаның сапасы және жол қозғалысын бақылау) шешімін іздеуге ерекше назар аудару, себебі қала күн санап өсіп, әлемнің аса ірі қалаларының біріне айналуда.  

презентациялар

  • Санжар Кеттебеков, Генеральный директор, Автономный кластерный фонд "Techgarden" (Қазақстан)
  • Тим Стонор, Исполнительный директор, Space Syntax (Ұлыбритания)
  • Кеченг Лю, Директор стратегических инициатив, Бизнес-школа Хэнли (Ұлыбритания), Руководитель проектов ИКТ, Казахстанско-Британский центр конкурентоспособности (Қытай)
  • Kazakhstan Waste Recycling (Қазақстан)
  • Жанна Прашкевич (Қазақстан)
  • Интерактивті сессиясының нәтижелері

Фотосуреттер

Фотосуреттердi көру үшін, мына сiлтемеге басыңыз.

интервью

Форум туралы көбірек бiлгiңiз келсе, төменде берiлген интервьюлердi көріңіз:

«Ақылды қалалар» форумы

«Ақылды қалалар» форумы Қазақстан мен Ұлыбританияның өкілдері пікірлерін және осы саладағы тәжірибесін бөлісе алатын, сұхбаттасу мен ынтымақтасуға арналған платформа болып табылады. 

«НЬЮТОН – ӘЛ-ФАРАБИ» СЕРІКТЕСТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

«Ньютон – Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасын 2014 жылы Ұлыбритания мен Қазақстан үкіметтері бес жылдық мерзімге, 20 миллион фунт стерлингін құрайтын жалпы бюджетпен бастаған болатын. Екі жақты және көп жақты бағдарламалардың шеңберінде Ұлыбритания мен Қазақстан бұрыннан бар байланыстарды кеңейту мен нығайтуды, ғылыми зерттеулер мен инновациялар саласында берік, орнықты, жүйелі қарым-қатынас орнатып, Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуына ұзақ мерзімді үлес қосуды ниет етеді. 

Бағдарлама туралы көбірек білiңiз.