СТУДЕНТТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУҒА ДАЙЫНДАУ: УНИВЕРСИТЕТТЕР МЕН БИЗНЕС СТУДЕНТТЕРДІ БОЛАШАҚТАҒЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ДАЙЫНДАУ ҮШІН ҚАЛАЙ ЫНТЫМАҚТАСА АЛАДЫ?
SEE INTO THE FUTURE ALMATY КОНФЕРЕНЦИЯСЫ: ХХI ҒАСЫРДАҒЫ ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ.
2015 жылғы 27 мамыр, Қазақстан, Алматы
Сипаттамасы
Бүкіл дүние жүзіндегі жұмыс берушілерге жасалған сауалнама оқу орындары түлектеріне жұмыс істеуі үшін қажетті белгілі бір еңбек дағдылары жетіспейтіндігін анықтап отыр. Түлектерде техникалық білімдердің жетіспеушілігі проблеманың бір бөлігі ғана, жұмыс беруші үшін түлектердің бойында психологиялық орнықтылық, оның процесті өз бетінше басқара алу қабілетінің болуы, командада жұмыс істей алуы және коммуникативтік дағдылары болуының маңызы аса зор.
Кейбір футуристер 2030 жылға қарай бүгінгі күні бар 2 миллиардтан астам кәсіптер жоғалып кетеді және қазіргі күні жоқ жаңа кәсіптермен алмастырылады деген болжам айтады.
Әлі айқындалмаған болашақта жас адамдардың табысты болуына қалайша көмектесуге болады?
Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның басқа да елдеріндегідей Қазақстанда елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және экономикалық өсуін жеделдету үшін жоғары білікті еңбек ресурстарын дамыту негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.
“SEE Into the Future: Skills, Entrepreneurship and Employment in the 21st Century” («21 ғасырдағы еңбек дағдылары, кәсіпкерлік және жұмысқа орналасу») бастамасы шеңберінде, Қазақстандағы Британ Кеңесі және Қазақстан-Британ техникалық университеті Қазақстан мен Ұлыбританиядағы университеттер мен бизнес өкілдеріне студенттерді дайындау және қазіргі заманғы индустрия мен бизнес үшін қажетті еңбек дағдыларын игерту мәселелерін бірлесе талқылау мүмкіндігін берді.
Конференция сөз сөйлеулер, панельдік пікір алмасулар, сондай-ақ практикалық семинарлар аясында қатысушыларға Қазақстан мен Ұлыбританиядағы университеттер мен бизнес өкілдерінің студенттерді табысты еңбек етуге дайындау бойынша озық тәжірибелерін білуге мүмкіндік берді.
Қазақстан мен Ұлыбритания бизнес секторының 80-ге жуық өкілі, жоғары оқу орындарының басшылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметтер орталықтарының қызметкерлері SEE Into the Future Алматы конференциясында бас қосты.
Конференцияның тақырыптары
Сарапшылар мынадай мәселелер бойынша талқылаулар жасап, оқытып, үйрету өткізді:
- Жас адамдардың жұмысқа тұруы табысты болуының тәсілі ретінде кәсіпкерлік дағдыларын дамыту
- Білім беру мекемелері мен кәсіпорындар өзара ынтымақтастықты қалайша дамыта алады?
- Университеттер мен бизнес сектордағы серіктестікті дамытудағы Ұлыбританияның тәжірибесі
Нысаналы аудитория
- Жұмыс берушілер және бизнес сектордың өкілдері
- Персоналды таңдап іріктеу жөніндегі мамандар
- Жоғары оқу орындарының басшылары, факультеттер декандары, қызметтер орталықтарының оқытушылары мен қызметкерлері
Конференция фотосуреттерді осы сілтеме бойынша қарауға болады.