Two girls reading a book and smiling

Өзіңіз таңдаған елде оқуға өтінім бермес бұрын, жете дайындалу керек. Алға қаншалықты ілгерілегеніңізді байқау үшін біздің бақылау сұрақтары тізімін пайдаланыңыз.

Оқуға түсерден үш жыл бұрын 

  • Өзіңіз түскіңіз келетін университетті немесе колледжді тауып, IELTS сынағының қандай нұсқасын тапсыру керектігін және оқуға түсу үшін қандай өту баллының талап етілетінін біліңіз. IELTS емтиханына қалай тіркелу керектігін біліңіз. Қазіргі оқитын жеріңізде үнемі жақсы академиялық үлгеріммен оқыңыз.
  • Ең жақын жердегі IELTS емтихан орталығының қайда орналасқанын біліп, өзіңізге қолайлы күнді таңдап, орынға алдын ала тапсырыс беріңіз. Сынақтан өтуді курсқа түсуден шамамен 12–14 ай бұрын жоспарлаңыз.
  • Тіпті ағылшын тілі сіздің негізгі тіліңіз болса да, IELTS сынағына дайындалуды бастаңыз. Сіз сынақтың өткізілетін пішінін және жеке тапсырмаларды орындауға қанша уақыт берілетінін жақсы білуге тиіссіз. 
  • Сізді қызықтыратын оқу орындарында қабылдау емтихандарының өткізілетін-өткізілмейтінін біліңіз. Сіз таңдаған оқу орнында тапсыру керек болатын емтихан(дар)ға дайындалуды бастаңыз.

Оқуға түсерден 15-18 ай бұрын 

Өзіңіз таңдаған елде оқу туралы ақпаратпен танысыңыз:

Оқуға түсерден 12–14 ай бұрын

 IELTS тестін тапсырып, компьютерде тапсырсаңыз, нәтижені 1–2 күн ішінде алыңыз, ал IELTS on paper тапсырсаңыз, нәтижені 13 күннен кейін аласыз.

 Егер қажетті нәтижеге қол жеткізе алмасаңыз, дайындық бөліміне кіріп, нәтижені жақсарту бойынша кеңестермен танысыңыз.

 Университетке өтініштеріңізді жоспарлап, реттеңіз:

  •  Өтініш бергіңіз келетін әр оқу орны үшін жеке папка дайындаңыз. Бұл барлық формаларды, хат алмасуды және түбіртектерді реттеуге көмектеседі.
  •  Өтінішке қатысты барлық материалдарды мұқият оқып шығып, барлық талаптарды белгіленген мерзімге дейін орындаңыз.
  •  Жоспардан шықпау үшін өтініш беру күнтізбесін жасаңыз.

Оқуға түсерден 10-12 ай бұрын 

  • Таңдалған оқу орнына(дарына) қабылдау туралы өтінішті толтырыңыз.
  • Қаржылық көмек және стипендия беру туралы өтінімді ресімдеңіз. 
  • Визалық талаптарды тексеріңіз. 

Оқуға түсерден 6-9 ай бұрын 

Бұл кезеңде сіз қандай оқу орындарыңыз сіздің оқуыңызға келісім бергенін білуге тиіссіз. 

Оқуға түсерден 3 ай бұрын

Сіздің виза алу туралы өтінішіңізді қарастырудың кешіктірілмейтініне көз жеткізіңіз.

Сыртқы сілтемелер