IELTS General Training тесті – қолданбалы, күнделікті ағылшын тілі дағдыларына ие екеніңізді дәлелдеңіз

IELTS General Training тесті ағылшын тілін білу деңгейін күнделікті қолданыс шеңберінде бағалайды. Тапсырмалар мен тестер жұмыс орны мен әлеуметтік жағдайларды қамтиды.

IELTS General тестіне жету үшін біздің тегін нұсқаулығымызды жүктеп алыңыз.

Келесідей мақсаттарыңыз болса, осы тесті тапсырыңыз:

  • төменгі дәрежеде біліктілік алу немесе оқу
  • ағылшын тілінде сөйлейтін елде жұмыс істеу немесе жұмысқа қатысты біліктілік алу
  • ағылшын тілінде сөйлейтін елге қоныс аудару
  • өз еліңізде жақсы жұмыс орнына орналасу.

Ұлыбританияға көшуді қаласаңыз, Ұлыбритания визалары мен иммиграцияға (UKVI) арналған IELTS тесті туралы көбірек біліп алыңыз.

IELTS General Training тесті үшін төлем: 64 000 KZT

Төлем құнына не кіреді?  IELTS төлем құнына эксклюзивті дайындық материалдары, тегін практикалық тесттер және тағы басқа кіреді.

Ұзақтығы: 2 сағат 45 минут 

Формат: Тест тыңдау, оқу, жазу және сөйлеу деген төрт бөлімнен тұрады. Егер сіз IELTS-ке British Council-ге тіркелсеңіз, ол British Council-дің ресми IELTS тестілеу орталығында өтеді.

Сөйлеу тестін тесттің басқа бөлімдерімен бірге бір күні немесе бір апта бұрын немесе кейін тапсыра аласыз. Егер сөйлеу бөлімі сіздің негізгі тестілеу күніңізден басқа күні өтіп жатса, сізге алдын-ала хабарланатын болады.

1. IELTS жалпы дайындық тесті, 1-бөлім: Тыңдау тапсырмалары

Ұзақтығы: 30 минут + жауаптарды жауаптар парағына жазу үшін 10 минут

Пішімі: әртүрлі акценттері бар 4 аудио жазба. Жауаптарды жазу жолдары:

  • көп нұсқалы жауаптар
  • сәйкестендіру тапсырмалары
  • сызбаны белгілеу 
  • аяқталмаған сөйлемдерді толтыру

Ағылшын тілі ана тілі болып табылатын сөйлеушілердің төрт жазбасын тыңдап, бірнеше сұраққа өз жауаптарыңызды жазасыз.

  • 1-жазба – екі адамның арасындағы күнделікті әлеуметтік ортада қойылған әңгіме. 
  • 2-жазба – күнделікті әлеуметтік ортада қойылған монолог, мысалы жергілікті нысандар туралы сөйлеу.
  • 3-жазба – адамдар арасындағы (адамдар саны – төртке дейін) білім және тәрбие беру ортасында қойылған әңгіме, мысалы, университет мұғалімі мен студенттің тапсырманы талқылауы.
  • 4-жазба – ғылыми пән, мысалы, университет дәрісі төңірегіндегі монолог.

Бағалаушылар сіздің негізгі идеялар мен толық нақты ақпаратты, сөйлеушілердің пікірі мен көзқарасын, сөйлесу үзіндісін түсіну қабілетіңіздің дәлелін және идеяларды дамыта алу қабілетіңіздің дәлелін іздейді.

2. IELTS жалпы дайындық тесті, 2-бөлім: Оқу тапсырмалары

Ұзақтығы: 60 минут Пішімі: Тапсырмалары бар үш оқу үзіндісі:

  • 1-бөлім – фактілерге негізделген екі немесе үш қысқа мәтін 
  • 2-бөлім – фактілерге негізделген, жұмыс ортасына қатысты екі немесе үш қысқа мәтін
  • 3-бөлім – жалпы қызығушылық тақырыбына қатысты бір ұзын мәтін

Оқу бөлімінде оқу дағдыларының кең ауқымын тексеруге арналған 40 сұрақ бар. Оған ізденіп оқу, нақты мәліметтерді іздеп оқу, жүгіртіп оқу, логикалық дәлелді және жазушылардың пікірлерін, қарым-қатынасын және мақсатын түсіну жатады.

Үзінділер кітаптардан, газет-журналдардан, ескертпелерден, жарнамалардан, компания нұсқаулары мен кітапшаларынан алынған мәтін үзінділерін қамтиды. Бұл материалдар – ағылшын тілінде сөйлейтін ортада күнделікті өмірде кездесуі мүмкін материалдар.

3. IELTS жалпы дайындық тесті, 3-бөлім: Жазу тапсырмалары

Ұзақтығы: 60 минут

Пішімі:

  • Хат жазу тапсырмасы (кемінде 150 сөз) 
  • Қысқаша эссе жазу тапсырмасы (кемінде 250 сөз).

Тақырыптар — жалпыға ортақ қызығушылықпен байланысты. Екі тапсырма бар:

  • 1-тапсырма – бір жағдай беріледі, сол турасында ақпаратты сұрау хатын жазу немесе жағдайды сипаттау талап етіледі. Хат жеке, жартылай ресми немесе ресми стильде болуы мүмкін. 
  • 2-тапсырма – пікірге, дәлелге немесе проблемаға жауап ретінде эссе жазу сұралады. Эссені жекелеген стильде жазуға болады.

4. IELTS жалпы дайындық тесті, 4-бөлім: Сөйлесу тапсырмалары

Ұзақтығы: 10-15 минут

Пішімі: 

  • Бетпе-бет сұхбат. 
  • Таныс тақырып бойынша қысқа сұрақтар және егжей-тегжейлі сөйлесу.

Келесі жағдайларды ескеріңіз: Тест орталығының орналасқан орнына байланысты, тестің сөйлесу бөлімін басқа күнге брондау талап етілуі мүмкін.

Сөйлесу бөлімінде сіздің сөйлеу кезінде ағылшын тілін қолдану деңгейіңіз бағаланады. Әрбір тест жазып алынады.

  • 1-бөлім – емтихан қабылдаушы өзіңіз туралы және үй, отбасы, жұмыс, оқу және қызығушылықтар сияқты таныс тақырыптар туралы сұрақтар қояды. Бұл бөлім төрт-бес минутқа созылады. 
  • 2-бөлім – сізге белгілі бір тақырып бойынша сөйлеуді сұрайтын карточка беріледі. Дайындалуға бір минут беріледі және содан кейін екі минутқа дейін сөйлеуіңіз қажет. Емтихан қабылдаушы сол тақырып бойынша бір-екі сұрақ қояды.
  • 3-бөлім – 2-бөлімдегі тақырып бойынша қосымша сұрақтар қойылады. Бұл бөлім абстрактілі пікірлер мен мәселелерді толықтай талқылауға мүмкіндік береді. Тестің осы бөлімі төрт-бес минутқа созылады.

2020 жылдың тамыз айынан бастап біздің кейбір IELTS тестілеу орталықтары тесттің сөйлеу бөлімін бейнебайланыс арқылы өткізе бастады. Бұл IELTS тестінің сөйлеу бөлімінің аса икемділігі мен қол жетімділігін білдіреді.

Сіз сөйлеу бөлімін IELTS тестілеу орталығында қалыпты жеке тұлғаны растаудың жоғары стандарттарына сәйкес тапсырасыз. Тест мазмұны, бағасы, уақыты, қиындық деңгейі, сұрақ форматы және қауіпсіздік шаралары бойынша қарапайым сөйлеу тестімен бірдей болады.

Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті тестілеу орталығына хабарласыңыз.

IELTS General Training тестіне тіркеліңіз

Жетістік IELTS-тен басталады. Егер сіздің мақсатыңыз бакалавриаттан төмен деңгейде оқу немесе ағылшын тілінде сөйлейтін елге қоныс аудару болса, сізге IELTS General Training тестін тапсыру қажет болады.

British Council-де біз сізден тесттен сүрінбей өту үшін қолдау көрсетуге дайынбыз. British Council -да тест тапсыруға тіркелген кезде, сізге IELTS Ready Premium тегін беріледі.

IELTS General Training тестін өту күнін таңдаңыз.

Тестке тапсырыс бермес бұрын, өтініш білдіретін ұйымдарда қандай тест қажет екенін тексеріп алыңыз.