Creative Central Asia Bishkek Forum 2021

Орталық Азияның креатив индустриясы сарапшыларының 4-ші нетворкиң кездесуі

CCA төртінші нетворкиң кездесуі (Bishkek Forum) 2021 жылдың наурыз айында онлайн форматта өтті. Форумды Британдық Кеңестің қолдауымен ololo компаниялар тобымен (Қырғызстан) серіктестікте Creative Central Asia Network (CCAN) ұйымдастырды.

2021 жылды ЮНЕСКО тұрақты даму үшін креатив экономиканың халықаралық жылы деп жариялады. Біз бұл тақырыпты Тұрақты даму мақсаттары төңірегінде талқылаулар мен ашық әңгімелерге қостық:

  • 5-мақсат: Гендерлік теңдікке қол жеткізу және барлық әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту.
  • 8-мақсат: Инклюзивті және тұрақты экономикалық өсуге, жұмыспен қамтуға және барлығы үшін лайықты еңбекке жәрдемдесу.
  • 12-мақсат: Тұрақты тұтыну және өндіріс үлгілерін қамтамасыз ету.
  • 13-мақсат: Климаттың өзгеруімен және оның әсерімен күресу үшін шұғыл шаралар қабылдау.
  • 17-мақсат: Тұрақты даму үшін жаһандық серіктестікті жандандыру.

2021 жылдың ақпан-наурыз айларында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан мамандарынан құралған жұмыс тобы британдық сарапшы Джон Ньюбигиннің консультативтік қолдауымен креатив экономиканы дамытудың үлгілік жол картасын әзірледі. Ол бірінші кезекте Орталық Азия елдеріне маңызды. Жол картасы 2021 жылдың 30 наурызында Creative Central Asia форумының қорытынды күнінде ұсынылды.