Қазақстандағы мәдени индустриялар: модельдері, мәселелері, стратегиялары

Осы есепхатта 21–23 қаңтарда болып өткен дискуссиялар мен пікірталастардың нәтижелері келтірілген және осыдан әрі қарай не істеу керек екендігін түсінуге арналған сұрақтар тұжырымдалған.

Бұл есптеме үш тілде дайындалған және "creative industries" халықаралық термині қазақ тіліне бірінші рет аударылуда

Мәтінді Алматыда мәдениет мамандарымен өткен пікір алысу мен кездесулер материалдары негізінде Кристиан Де Бёкулар (Мельбурн университеті) және Галина Корецкая (өнер саласындағы жобалардың басшысы, British Council Қазақстан) дайындады.

ЕСЕПХАТТЫ жүктеу

АНЫҚТАМА

Алматыда мәдени индустриялардың дамуы негізінен алғанда, 25 пен 35 аралығындағы жас ұрпақтың арқасында іске асуда. Шығармашыл бизнестің жас өкілдері — ең белсенді әрі немқұрайды емес азаматтар, қалалық жаңа буынның көшбасылары. Мәдени индустриялар — олардың тіршілік ету құралы. Алматы қаласындағы және Қазақстандағы саяси құрылым мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесуіне, заңнаманы жақсартуға, мәдени индустрияларға қолдау көрсетуге және тұтастай алғанда саяси өзгерістерге ықпалдаспайды. 

Саяси тұрғыны, азаматтық белсенділікті және мәдениет қайраткерлерінің бастамаларын, сондай-ақ тұрақсыз ортада қаржылық жағынан аман қалуға тырысуды қалайша біртұтас біріктіруге болады деген сұрақ ең басты орында қалып отыр.

Осы күрделі мәселелер тұрғысынан 2014 жылы Chevron компаниясындағы Жас кәсіпкерлердің MOST клубы мен Қазақстандағы British Council ұйымы шығармашыл сектордағы қазақстандық жас кәсіпкерлерге (және менеджерлерге — айырмашылығы төменде түсіндіріледі) қажетті машықтарды үйренуде көмек көрсету бойынша жобалар топтамасын іске асыруға кірісті. Осы жобаның шеңберінде Chevron компаниясының қолдауымен MOST бизнес-инкубаторында Шығармашыл кәсіпкерлер мектебі жұмыс істейді, British Council өнеркәсіптік дизайн, фэшн-индустрия мен сәулет өнері (қала құрылысы) саласында бірқатар семинарлар өткізді. 

Осы есепхатта 2016 жылғы 20 қаңтардағы MOST бағдарламасының қатысушыларымен кездесулердің және жоба ұжымымен (Chevron, MOST, British Council), мәдени индустриялар секторының (сәулет, театр, безендіру қолданбалы өнер, сән, дизайн салаларынан) және Алматы қаласын дамыту орталығының өкілдерімен 2016 жылғы 21 қаңтарда өткізілген семинардың нәтижелері келтірілген. 

Осы іс-шаралардың модераторы Мельбурн университетінен келген сыртқы кеңесші доктор Кристиан Де Бёкулар болды, ол сондай-ақ 2016 жылғы 22 қаңтарда өзінің қорытындылары туралы Алматыдағы 28 гвардияшы панфиловшылар атындағы саябақтағы SIGS кеңістігінде әңгімелеп берді.

See also

Сыртқы сілтемелер