Нысана: Өнімді әзірлеу
Бұл мастер-класс жаңа өнімдерді әзірлеу мен коммерцияландыру үдерісін зерделеуге бағытталған. Негізгі назар тұжырымдамадан прототипке, ал одан кейін өнімдерді коммерцияландыруға көшуге аударылады.
Төменде сіз Гареттің 2015 ж. қыркүйектін 11-і күні өткен дәрістің толық бейнесін көре аласыз. Дәрістің тақырыбы «Оқшаулық. Адамдар. Процесс. Мағына беру». Баяндамасының барысында Гарет және жергілікті дизайнерлер «Жергілікті дизайн» деген не және қазақтың орындығын қалай жасау керек?»деген сұрақтарға жауап беруге тырысты.
СПИКЕР: ГАРЕТ НИЛ
Гарет Нил материалдар таңдауда өнертапқыштық, танымпаздық және бұрыннан таныс нәрселерге жаңа көзқараспен қарау негізінде дизайнның бірегей тәсілдемесін пайдаланады. Ол дизайн мен қолөнер саласында жаңа дәуірді қалыптастыруға көмектесті. Оның жұмысы өзі Брайтон университетінің негізінде жүргізетін, дәстүрлі процестер мен digital-өндірісті зерделеуге бағытталған төл зерттеуімен байланысты.
Гареттің еңбектері халықаралық көрмелерде, Лондондағы Виктория және Альберт мұражайынан бастап Нью-Йорктегі Өнер және дизайн мұражайына дейін қойылды. Толық ақпаратты http://garethneal.co.uk сайтынан табуға болады.
#BRITISHDAYSKZ ХЭШТЕГІМЕН ПАЙДАЛАНЫП, БІЗБЕН ПІКІРІНІЗБЕН БӨЛІСІҢІЗ.