Нысана: Брендинг, PR және маркетинг
Бұл мастер-класс брендингті және оның PR ісімен, маркетингпен және сатылымдармен байланысын зерделеуге бағытталған. Ол дизайнерлердің көтерме және жеке клиенттерін жақсырақ түсінуіне көмектеседі. Көзбе-көз араласуға ерекше назар аударылады.
Төменде сіз Далдың дәрісiнің толық бейнесін көре аласыз. Дәрістің тақырыбы: "Fashion 2.0".
СПИКЕР: ДАЛ ЧОДХА
Дал Чодха – люкс дәрежелі бірнеше брендтің, соның ішінде Burberry, MARTIOTESTINO+, Kenzo, Paul Smith және Sunspel брендтерінің кеңесшісі. Сондай-ақ ол Эпсом Өнер университетінде (UCA Epsom) және Әулие Мартин атындағы Орталық өнер және дизайн колледжінде (Central Saint Martins) дәріс оқиды.
Лондонда сән басылымдарын шығаратын Дал Чодха Archivist деп аталатын мерзімді емес журналдың редакторы болып табылады. Оның мақалалары сан алуан халықаралық басылымдарда, соның ішінде ModernMatter, Wallpaper* және VOGUE India секілді журналдарда жарияланып тұрады. 2008 жылғы қыркүйекте Дал өмір салты туралы жылына екі рет шығатын b Magazine журналының негізін қалаушылардың бірі болды да, 2012 жылғы қарашада шыққан алтыншы нөміріне дейін оның редакторы ретінде жұмыс істеді.
2015 жылғы наурызда Archivist журналы «Сән» санатында Лондонның дизайн мұражайы беретін сыйлыққа «Жылдың үздік дизайны» аталымы бойынша ұсынылған бірден бір баспа басылымы болды.