«Генри Мур үйіне оралады» – 20-шы ғасырдағы ең сүйікті британдық суретшілердің бірі Генри Мурдың гравюраларының жаңа көрмесі 2015 жылғы 1 желтоқсанда Британдық Кеңестің Лондондағы бас кеңсесінде ашылды.

«Генри Мур үйіне оралады» көрмесі Қазақстанда, Алматыдағы Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайында 2014 жылғы 27 қаңтардан 27 ақпанға дейін өткен «Генри Мур: Графика шебері» атты басқа көрменің екі жылдық турнесінің нәтижесі болды. 

Қазақстан мен тағы алты елдегі тур барысында «Генри Мур: Графика шебері» көрмесіне барлығы 80,000 адам барып шықты. Көрмеде сондай-ақ соңғы жеті жыл ішінде Генри Мурдың ықпалына ерген жергілікті суретшілердің, кураторлардың, келушілердің және мұражайлардың жеке хикаяларын әңгімелеп берді. «Генри Мур үйіне оралады» көрмесі суреткердің халықаралық ықпалын, сондай-ақ Генри Мурдың графикасы мен мүсіндерінен байқалатын басты тақырыптарды ашып көрсетеді.

Графикалық шеберлікті меңгере отырып

«Генри Мур: Графика шебері» көрмесінің білім беру бағдарламасы шеңберінде британдық суретші Сара Джиллет 2014 жылғы ақпанда Алматыда графика бойынша  мастер-кластар өткізді. Біз Сараның мастер-кластар мен мұражайдан алған әсерлері туралы онымен біраз сұхбаттасқан едік:

"Алма ағаштары көмкерген даңғылдың бойында орналасқан Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражай сән-салтанатты ғимаратта орналасқан, онда қазақтың бейнелеу өнерінің ең үздік үлгілері, сондай-ақ 1970-ші жылдардағы кеңестік реализм дәуірінің мүсіндері мен графикасы көрмеге қойылған. Менің ойымша, Мурға мұражай да, жәдігерлер де ұнаған болар еді, сондықтан бұл көрме мен мастер-кластарды өткізу үшін ең лайықты орын болды.

Мастер-кластарда біз Мурдың ең басты әуестіктерінің бірі – суретшінің, зат пен жер бедерінің арасындағы өзара байланысты зерделедік.

Бұл түрлі елдерден осы турға атсалысқан сан алуан адамдарды – көркемсурет сыншыларын, журналистерді, профессорларды, сәулетшілерді, костюмерлерді, кинопродюсерлерді, студенттерді, кураторларды, мұғалімдер мен суретшілерді тартты.

Студенттер Мурдың еңбектерін зерделеп, оларды сиямен боялған пластиктің бетінде орналасқан қағаз парақтарына түсірді. Біз мүсіндік нысандар топтамасын жасау үшін графика мен суреттердің кесектерін қиып алып, орындарын ауыстыру арқылы олардың нәтижелерін араластырып, соңынан оларды фотосуретке түсіріп, Инстаграмға салып отырдық"

-деді Сара Джиллет 2015 жылғы қазанда BritishCouncil ұйымына арнайы берген сұхбатында