Ер адам немесе әйел адам болу нені білдіреді?
Адамның жынысы оның тумысынан сондай ма, әлде ол уақыт өте келе пайда бола ма?
Rhum and Clay физикалық театры «ТЕСТОСТЕРОН» атты революциялық спектаклін ұсынады: қара комедия жанрында жұмыс істейтін режиссёр мен драматург трансгендер Кит Редстоунмен әсерлі ынтымақтастық жасау нәтижесі. Спектакльдің тұсаукесері Британдық Кеңестің арнайы бағдарламасы аясында 2017 жылдың тамыз айында Эдинбургтің «Фриндж» фестивалінде өткен, және осы қойылым сыншылар тарапынан бағаланып, жүлдеге ие болды.
«ТЕСТОСТЕРОН» спектаклі Алматы қаласында Британдық Кеңестің қолдауымен «Откровение» театралдық фестиваль аясында өтетін болады.
Назар аударыңыз: бұл спектакль жасы 16-ға толмаған балаларға арналмаған.
Өтетін күні: 12-13 ақпан Өтетін уақыты: 19.00 Өтетін орны: «Трансформа» театралық кеңістігі |
«ТЕСТОСТЕРОН» баяндауды, комедияны және физикалық театрды актёр-трансгендер Кит Редстоунның өмірінен алынған шынайы оқиғасына негізделген сапалы жазылған мәтінмен үйлестіреді. Бұл Киттің өмірді, махаббат пен әзіл-сықақты қалай қабылдайтыны туралы сырластыққа толы және үйреншікті өмірдің шегінен шығатын әңгіме. Бұл Кит ер адамның маскулинді әлемге кірудің алғашқы тәжірибесіне негізделген, гендер туралы әсер ететін әңгімесі. Қойылым инклюзивті театрды дамытуда бір қадам алға жылжып, жаңа бастамаларға шабыттандырады. Киттің жұмысы британдық трансгендерлік театрдың авангардында жүріп, инклюзия мен театрдағы өзара құрметтеуді дамытуға арналған кеңістік құрып жатыр.
Жасы отыздан асқанда, әйел жынысын ер жынысына ауыстырған Кит гендерлік шекараның екі жақтағы ересек өмірмен таныс. Өзінің бірегей тәжірибесімен өмір сүре тұра, ол өзін қоғамның тарапынан қалай қабылдаудағы ерекшеліктерді көреді – ер адам болып, қандай нәрселерді алып, қандай нәрселерден айырылатынын біледі. Жақсы, жаман және кейіпсіз маскулиндыққа тап болатын, спортзалдың ерлер киім ауыстыратын бөлмесіне алғаш рет кіруі оның ең басты сынауына айналады. Осыдан кейін ол қандай ер адамға айналатын болады? Жаңашыл, әділ және батыл комедияда Rhum and Clay физикалық театры және драматург әрі режиссёр Кит Редстоун өз сәйкестігін жасағысы келетін кез келген адамға өтуге тура келетін ғаламат жолды зерттейді.