New Religion – бұл әлемнің қазіргі заманғы ең елеулі суретшілерінің бірінің жібекке жазылған туындылары мен мүсіндерінің көрмесі.
Көрмеде адамның бақилығының және оның нанымының арасындағы өзара күрделі қарым-қатынас, сондай-ақ оның ғылым мен техникаға жан-тәнімен берілуі зерттеледі. Ойлануға қозғау салатын және кейде көптеген дау тудыратын суретші Дэмиен Хёрсттің шығармашылығында осы тақырыптар көптеген жылдар бойы өзекті мәселе болып табылады.
New Religion алғаш рет 2005 жылы Пол Столпердің галереясында көрмеге қойылды, содан кейін көрме Ослода, Мәскеуде, Венецияда, Софияда, Уокингте, Гданьскіде және Лондондағы Барлық Әулиелер Шіркеуінде өтті.
Көрме 12 қарашадан 19 желтоқсанға дейін Алматы қаласында, Қастеев атындағы өнер мұражайында өтеді.
Билеттің құны
12 - 30 қараша аралығында мұражайға кіру тегін болады, 1 - 19 желтоқсан аралығында билеттің құны: 1 500 теңге
Жобаны British Council ұйымы Paul Stolper Gallery және Қастеев атындағы өнер мұражайларымен серіктестікте іске асырды.