22-25 қыркүйекте А1462 деген бренд атауымен біріккен қазақстандық төрт дизайнер «Шеврон» компаниясы мен British Council ұйымының бірлесе қолдауымен Лондондағы халықаралық Tent London көрмесіне қатысады. Аталған жолсапардың негізгі мақсаты – Қазақстан мен Ұлыбританияның дизайнерлік секторлары арасында ынтымақтастық орнату.
Дизайнерлердің көрмеге қоятын топтамасында қазірдің өзінде 30-дан астам зат бар. Бұлар – үй мен кеңсеге арналған жиһаз, корпусты жиһаз, шырағдандар, керек-жарақтар мен құжатханалық тауарлар.
А1462 бренді туралы
Осы уақытқа дейін алматылық дизайнерлер Анастасия Леонова, Азиз Абдулмажитов, Ғалым Қайралапов пен Тимур Ақтаев өздерінің үй ішілік заттарын, шырағдандары мен керек-жарақтарын жасап, оларды сатуға сәтімен өткізіп келген еді. Алайда жаңа экономикалық жағдаяттарға байланысты олар бірлесе күш салу арқылы Еуропа мен Солтүстік Американың нарықтарына шығу мақсатында А1462 деген атаумен бірігуді ұйғарды.
- Азиз Абдулмажитов өзінің ArtGuild студиясын 2012 жылы ағаштан, болаттан, былғары мен пластиктен жиһаз бен керек-жарақтар жасау үшін ұйымдастырған еді. Сондай-ақ ол жекеменшік және қоғамдық интерьерлердің дизайнын әзірлейді.
- Ғалым Қайралапов – дизайнер-мейкер, Knocknock маркасын құрушы. Шырағдандар мен интерьерлік заттарды шығарумен айналысады. Оның маркасының бұйымдарын Алматы мен Астананың ірі дүкендерінен, сондай-ақ жекеменшік топтамалардан кездестіруге болады.
- Настя Леонова: «Менің жұмысым – қарапайым әрі тапқыр шешімдерге деген құштарлық. Мен жаңа өнімді жасаумен шұғылданған кезде, жағдайды түйсігіммен сезінуге тырысамын: мен оны кім үшін жасап жатырмын, ол қай жерде тұрады екен».
- Тимур Ақтаев – сәулетші-мейкер, NB! маркасын (былғарыдан жасалған керек-жарақтар), сондай-ақ «Қарапайым заттар» жиһаз маркасын құрушы. Ол өнеркәсіптік дизайнды насихаттайды, шеберлік сабақтарын (мастер-класстар) өткізеді.