Лондонның 2008 жылы құрылған қазіргі заманғы оркестрі (ЛҚЗО) Ұлыбританияның ең жаңашыл әрі құрметті музыкалық ұжымдарының бірі болып саналады. Қазіргі заман мен дәстүрлі стильді, сондай-ақ музыка мен киноны байланыстырумен танымал LCO ең үздік қазақстандық музыканттардың қатысуымен 12 тамыз күні ғана Қазақстанның Орталық концерт залында «Under the Skin» атты концертімен өнер көрсететін болады.
Концертты Британдық Кеңес G&G Glamour компаниясының мен Esquire Kazakhstan-ның қолдауымен әзірлеген.
Күні | 12 тамыз |
Уақыты | 20.00 |
Өтетін жері | Қазақстанның Орталық концерт залы |
Жас бойынша шектеулер | 16+ |
ЛҚЗО саундтректі Қазақстанда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының скрипкашысы әрі 2008 жылдан бергі ЛҚЗО жетекші орындаушысы Ғалия Бисенғалиеваның қатысуымен ұсынады. ЛҚЗО бірлескен жетекшісі әрі дирижері Роберт Эймстің де Қазақстанда өнер көрсеткен тәжірибесі бар: атап айтқанда, ол ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестріне дирижерлік етті.
Роберт Эймсте, Ғалия Бисенғалиева да Қазақстанда бірнеше дүркін өнер көрсеткен, сондықтан тыңдармандардың классикалық музыкаға деген құштарлығын жоғары бағалайды.
«Тері астында» көрсетілімінің аясында ЛҚЗО қазақстандық көрермендерге Британияның кино өнері мен музыка өнерінің едәуір жаңа әрі өте сәтті туындысын ұсынады. Фильм осыған дейін Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмеген, сондықтан осы көрсетілім – оны кең экранда тамашалаудың алғашқы мүмкіндігі.