Астананың көшелеріне «жан бітіп», сізбен сөйлескісі келеді! 

11 тамыздан 30 қыркүйекке дейін біз Астананың тұрғындары мен меймандарына Playable City (Ойнайтын қала) жобасының аясында қаламен «сөйлесуге» бірегей мүмкіндік береміз. Қала объектілерімен өзара араласу арқылы біз сіздің, басқа қала тұрғындарының және қалаңыздың сұхбаттасуын қамтамасыз етеміз. Жобаның нәтижесінде сіз басқа адамдардың нені армандайтынын, оларды не толғандыратынын, олардың не нәрсеге ұмтылатынын, олардың көңіл-күйін, пікірі мен естеліктерін білетін боласыз. 

Бұл қалай жұмыс істейді? 

  1. Сізді қызықтырған үйдің мекен-жайын біліңіз 
  2. «Сәлем Көшенің Аты #ҮйНөмірі» (мысалы: «Сәлем Республика#3») деген мәтіні бар хабарын Фейсбук мессенджер қолданбаласы арқылы SalemAstana2017 пайдаланушыға жолдаңыз 
  3. Қаламен сөйлесіңіз

Біз сізді жобамызға қатысып, өзіңіз оқыған, жұмыс істейтін, бос уақытыңызды өткізетін, тұратын жерлеріңіз туралы байқаған жайттарыңызбен бөлісуге шақырамыз! 

Сізде тек қаламен әңгімелесуге ғана емес, сонымен қатар, осы уақытқа дейін қалада өзіңіз, бәлкім, байқамаған жерлер мен заттарға басқа көзбен қарауға мүмкіндік болады, сондай-ақ күнделікті өмірде, жұмысқа асығып барар жолда немесе сәбиін балабақшадан алып қайтан кезде тұрғындардың не туралы ойлайтынын біле аласыз. 

«Сәлем, Астана» Playable City халықаралық жобасының бөлшегі болып табылады. Жоба адамдар мен қаланың арасында жаңа байланыстар орнату мақсатында қалалық сәулет нысандары мен «ақылды қала» технологиялары пайдаланылады.

Playable City туралы

Playable City (Ойнайтын қала) халықаралық жобасында қала тұрғындарының арасында, сондай-ақ қала тұрғындары мен қаланың арасында байланыс орнату мақсатында қалалық сәулет нысандары мен «ақылды қала» технологиялары пайдаланылады. Қала кеңістіктеріндегі өзара белсенді инсталляциялардың көмегімен Playable City қала мен оның тұрғындарын бір бірімен сұхбаттасуға тартады.

Playable City басталғалы бері өзінің жобалары аясында 5 континенттегі 1 миллион адамды біріктірді.

PAN 

PAN эксперименттік дизайн студиясының негізі 2011 жылы құрылған болатын. PAN студиясы цифрлы технологиялар қолданылатын өзара белсенді қала жобаларын жасауға маманданған. Студия клиенттерінің қатарында Google, Microsoft, Британия Парламенті, Лондондағы Queen Elizabeth саябағы бар.