![](https://kazakhstan.britishcouncil.org/sites/default/files/styles/bc-landscape-100x56/public/va_logotype.png?itok=t0_KDjQj)
Серіктестер
![](https://kazakhstan.britishcouncil.org/sites/default/files/styles/bc-square-100x100/public/id20_rasheed_araeen-rvipul_sangoi_3401_0.jpg?itok=LpGBu1SP)
![](https://kazakhstan.britishcouncil.org/sites/default/files/styles/bc-landscape-100x56/public/va_logotype.png?itok=t0_KDjQj)
![](https://kazakhstan.britishcouncil.org/sites/default/files/styles/bc-landscape-100x56/public/jameelprize4_logotype.png?itok=TYzulDNN)
Джамиль сыйлығы
Жетекші әлемдік кураторлар, дизайнерлер, суретшілер мен мәдениет қайраткерлері «Джамиль сыйлығының» қазылар алқасының мүшелері болуға шақырылды. Конкурсқа Пуэрто-Рико, Мали, Пәкістан, Түркия және Таиланд сияқты сан алуан елдерден келген 200-ден астам еңбек ұсынылды.
![](https://kazakhstan.britishcouncil.org/sites/default/files/styles/bc-landscape-100x56/public/artjameel_logo_0.png?itok=9UIUskFu)
Art Jameel
Abdul Latif Jameel Community Initiatives қорының бір бөлігі болып табылатын Art Jameel ұйымы MENAT елдерінде: Таяу Шығыста, Солтүстік Африка мен Түркияда шығармашылық бастамаларды ілгерілетумен және қолдаумен, қазіргі заманғы өнерді дамытумен айналысады. Халықаралық ұйымдармен ынтымақтаса отырып Art Jameel әлемдік мәдени алмасуды дамыту мен көтермелеу бағдарламаларын әзірлейді.
![](https://kazakhstan.britishcouncil.org/sites/default/files/styles/bc-landscape-100x56/public/kasteev_museum_logotype.png?itok=JKqbFMdJ)
Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы
Қазіргі уақытта Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы елдің аса ірі көркемөнер мұражайы әрі кескіндеме өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту орталығы болып табылады. Мол, сан алуан, баға жетпес жинақ Қазақстанның, Еуропа мен Азия елдерінің, өткен дәуірлердің және қазіргі заман шеберлерінің көркемсурет мәдениеті туралы айқын түсінік береді. Мұражайдың негізгі қорындағы жәдігерлерінің саны 23 000-ден асады.
![](https://kazakhstan.britishcouncil.org/sites/default/files/styles/bc-square-100x100/public/british_council_logo_square_0.jpg?itok=A3kpjrDd)
Британдық Кеңес
British Council – Біріккен Корольдіктің мәдени байланыс және білім беру саласындағы халықаралық ұйымы. Біз Ұлыбритания мен басқа елдердің халықтарының тәжірибе алмасуына және олардың өзара түсіністігін нығайтуға ықпалдасамыз. Ол үшін біз Ұлыбританияның және өзіміз жұмыс істейтін елдердің өміріне елеулі үлес қосуға, соның ішінде тең мүмкіндіктер жасауға, ынтымақтастықты дамытуға және сенімді нығайтуға тырысамыз.
![](https://kazakhstan.britishcouncil.org/sites/default/files/styles/bc-landscape-100x56/public/gg_logotype.png?itok=OInZPsOF)
G&G
«G and G» - ең атақты италиялық Сән Үйлерінің әйелдер киімін, аяқ киімін және аксессуарларды ұсынуға эксклюзивті құқығы бар Алматы қаласындағы бутиктер желісі. 10 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан нарығында Fendi, MaxMara, Marina Rinaldi, Sergio Rossi, Weekend by MaxMara, Simonetta Ravizza, Max&Co, Pennyblack сияқты брендтерді ұсынып келеді.
![](https://kazakhstan.britishcouncil.org/sites/default/files/styles/bc-landscape-100x56/public/logo_rakhatpalace.png?itok=HDKLBJ0W)
Рахат Палас
Rahat Palace Hotel - бұл шығыс салтанатының үйлесімі, еуропалық әсемдік, қонақтарға әсерлі ілтипатпен және қамқорлықпен қызмет көрсету өнері. Қонақжайлылық дәстүрін сақтаған мейманхана.
![](https://kazakhstan.britishcouncil.org/sites/default/files/styles/bc-square-100x100/public/stn_logo.jpg?itok=5baYDgwK)