2017 жылғы 29 қазанда Виктория мен Альберт мұражайының (Ұлыбритания) Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы Қазақстандағы Британдық Кеңеспен және Art Jameel қорымен бірлесіп ұйымдастырған «Джамиль 4 сыйлығы» көрмесінің ашылуы болады.
«Джамиль сыйлығы» ‒ бүкіл дүние жүзінің суретшілері мен дизайнерлері қатыса алатын халықаралық конкурс. Конкурс 2009 жылдан бері екі жыл сайын өткізіледі.
Көрменің барлық жәдігерлері исламның мәдени салт-дәстүрінің мол байлығын паш етеді, осы еңбектердің авторларына шабыт берген де сол байлық болатын.
35 өнер туындысы, соның ішінде қағаздан жасалған нәзік коллаждар, марионетка қуыршақтары бар бейнежұмыстар, керамика, мүсіндеме және суретшілердің кітаптары. «Джамиль сыйлығы» исламның салт-дәстүрі мен қазіргі заманғы өнердің арасындағы байланысты қайта жаңғыртады.
Көрме туралы
- «Джамиль 4 сыйлығы» Алматыдағы Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражайда 2017 жылғы 29 қазаннан бастап 2018 жылғы 07 қаңтарға дейін өтеді.
- Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы көрме өткізілетін үшінші және соңғы орын болып табылады. Бұған дейін «Джамиль 4 сыйлығы» Түркияның Стамбул қаласындағы Пера мұражайында және Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласындағы Азия мәдениеті орталығында болды.