- Басты бет
- Қазақстандағы бiздiң жұмысымыз
- Біздің өнер саласындағы жұмысымыз
- Өткен жобаларымыз
- Астанадағы «Қала көшпенділері» көрмесі
Туындылар және көрмеге қатысушылар
Бас киім
Бас киім
Ауа райы күрт өзгеріп тұратын жағдайда бас киім көшпенділер үшін киімнің басты төлбелгілерінің бірі болды, оған рәміздемелік мағына берілді. Қазіргі заманғы бас киім де сол кездегідей ыңғайлы және қала көшпендісінің мұқтаждықтарына бейімделген: ол жеңіл, көп мақсатта пайдаланылады, қазіргі заманғы материалдардан тігілген (жұқа киіз, деним, жарыққа шағылысатын таспалар). Екеуі де – unisex.
Қатысушылар
- Жанна И, заттар дизайнері, theKURTKA брендінің негізін қалаушы, IED Instituto Europeo Design (Barcelona, Spain) институтының түлегі,
- Ақбота Серікова, дизайнер, былғары бұйымдар шебері, АҚжМК (Алматы құрылыс және менеджмент колледжі) түлегі,
- Алмас Мұстафаев, ағаш пен металл бұйымдар шебері, Абай атындағы ҚазҰПУ (Ұлттық Педагогикалық Университеті, Алматы), сәндік қолданбалы өнер,
- Гүлнар Өмірбек, тоқыма мата жөніндегі суретші, Жүргенов атындағы өнер академиясының (Алматы) түлегі, сәндік қолданбалы өнер,
- Ұлбосын Дәуленова, киіз бұйымдар шебері, «Асыл мұра» шеберханасының жетекшісі
Трансформер плащ
Трансформер плащ
Трансформер плащ белсенді адамдарға арнап жасалған, оны жекет, плащ немесе аудармалы шапан ретінде киюге болады. Оның дәстүрлі тұстары да ескерілген – астары, яғни денеге жақын бөлігі әрқашан да киімнің өзінен қымбат, ал жағасы – адамның мәртебесінің көрсеткіші.
Қатысушылар
- Диана Қасым, киім дизайнері, DIANA KASSYM 030690 белгісінің негізін қалаушы, IED Instituto Europeo di Design (Milan, Italy) институтының түлегі,
- Айжан Бекқұлова, ҚР Қолөнершілер одағының президенті, тоқыма мата жөніндегі суретші, киіз бұйымдар шебері, Жүргенов атындағы өнер академиясының (Алматы) түлегі
Орындық / Домбыраның қабы
Орындық / Домбыраның қабы
Кез келген көшпендінің үйінде әрқашан да сазды әуен естілетін. Қала көшпендісі де музыкаға бейім. Домбыраға арналған құндақ қоржын және орындық ретінде қолданылатын жеңіл қаңқа кез келген жағдайда және кез келген жерде тосыннан ұйымдастырылған шағын сахнаны құруға мүмкіндік береді.
Қатысушылар
- Әзиз Әбділмәжитов, заттар дизайнері, ArtGuild белгісінің негізін қалаушы, ҚазМСҚА (Мемлекеттік Сәулет-Құрылыс Академиясы, Алматы) түлегі, сәулет дизайны,
- Мирас Қаналиев, қолөнерші, ұлттық музыкалық аспаптарды жасаушы шебер, Абай атындағы ҚазҰПУ (Ұлттық Педагогикалық Университеті, Алматы), сәндік қолданбалы өнер,
- Ақбота Серікова, дизайнер, былғары бұйымдар шебері, АҚжМК (Алматы құрылыс және менеджмент колледжі) түлегі
Ыдыс-аяқ жинағы
Ыдыс-аяқ жинағы
Жақсы ас қонақсыз өтпейді және әңгіме-дүкен құруға шақыру болып табылады. Бүгінгі таңда отбасылық мерекені, көкке шығып ас ішуді немесе аялдауды саябақта немесе табиғат аясында ұйымдастыру оңай. Ал бірнеше дүркін пайдаланылатын ыдыс-аяқ жинағы дастарқан жаю уақытын үнемдейді.
Қатысушылар:
- Анастасия Леонова, заттар дизайнері, F-I-L-O белгісінің негізін қалаушы, ҚазМСҚА (Мемлекеттік Сәулет-Құрылыс Академиясы, Алматы) түлегі, сәулет дизайны
- Мадияр Жапабаев, қолөнерші, ұлттық музыкалық аспаптарды жасаушы шебер, Абай атындағы ҚазҰПУ (Ұлттық Педагогикалық Университеті, Алматы), көркемсурет және графика факультеті
Сөмке-дастархан
Сөмке-дастархан
Сөмке-дастархан – аз уақыт серуендеу немесе сапарларға салт шығу үшін әмбебап шешім: өзіңізбен тек ең керекті заттарды ғана алуға болады, ал жеке кілемшеңіз кез келген көгалда демалуға немесе тосыннан дастарқан жаюға мүмкіндік береді.
Қатысушы:
- Ақбота Серікова, дизайнер, былғары бұйымдар шебері, АҚжМК (Алматы құрылыс және менеджмент колледжі) түлегі
Арқа қоржын-органайзер
Арқа қоржын-органайзер
Арқа қоржын-органайзер сөмкенің ішін ұқыпты ұстап, өзіңмен алған әр заттың керекті орнын табуға үйретеді, сонда таңертең үйден шыққанда және кешке үйге қайтқанда, ноутбук пен торсықтан бастап спорт киімі мен косметикаға дейін қажетті заттардың барлығы қол жетер жерде болады.
Қатысушылар:
- Оксана Раим, дизайнер, былғары бұйымдар шебері, «Oxana Raim» брендінің негізін қалаушы, UIB (Халықаралық бизнес университеті, Алматы) түлегі,
- Нұржан Орынбасаров, қолөнерші, ұлттық музыкалық аспаптарды жасаушы шебер, Абай атындағы ҚазҰПУ (Ұлттық Педагогикалық Университеті, Алматы), көркемсурет және графика факультеті
Фото-эссе
Фото-эссе
Қала көшпендісі деген кім? Ол қандай ортада тұрады? Күн ұзаққа қандай жерлерге барады және ол жерлерге қалай жетеді? Осы сұрақтар бойынша ой толғау – City Nomads атты фото-зерттеуде.
Қатысушы:
- Ирина Дмитровская, фотосуретші, ҚМЭБИ, Журнализм және бұқаралық байланыстар