Манифест
Қала көшпендісі деген кім? Оған үлкен қаланы арғымақтай ерттеп мінудің, жаңа сапарларға деген құмарын қандырудың, өзінің түп-тамырымен байланысын сақтап қалудың сәті түсе ме?
Жауап іздеу барысында біз қала көшпендісінің айналасындағы ертеңгі ортаны бейнелеуге тырысамыз. Осы орайда оның тұрмысы қаншалықты өзгереді деген сұрақ туындайды. Қаладан қалаға, елден елге саяхаттай жүріп, ол өзімен бірге нені ала жүреді? Оның дүние-мүлкі концепциялық дүкендерден кездейсоқ сатып алынған заттардан әлде өткеннің материалдық рәміздерінен құралар ма екен? Өз ортасын қалыптастыру кезінде ол ыңғайлылық пен кәдеге жарамдылық қағидасына бағына ма әлде қайталанбас көне дүниеге деген құмарлығы жеңе ме? Осының бәрі ескі мен жаңаның, дәстүрлі мен қазіргі замандікінің ұштасымына айнала ма?