Көрме – қазіргі заманғы көшпендінің мәдени бірегейлігін айқындау мақсатындағы шығармашылық эксперимент болып табылатын «Қала көшпенділері» жобасының бір бөлігі.
Қала көшпенділері 2016: түп-тамырымызға үңілу
2016 жылы «Қала көшпенділері» жобасы бойынша жұмыс істеген кезде біз бір заманда көшпенділердің өркениеті көркейіп дамыған түпкі мәнді зерттедік. Жобаға қатысушылар біздің ата-бабаларымызды қоршаған бастауларға, ой-сана мен табиғат ортасына оралды. Өткенмен байланысты зерттеу арқылы олар қазіргінің болмысын түсіндіруге әрекет жасады.
Тұңғыш «Қала көшпенділері» көрмесі 2016 жылғы 23 маусымнан 23 қыркүйекке дейін Лондон қаласында өтіп, оған 12 мыңнан астам мейман жиналды. Көрме Лондондағы Халықаралық сәулет және дизайн фестивалінің бағдарламасына кірді.
Қала көшпенділері 2016.
Қала көшпенділері 2017: қала көшпендісінің болашақ ортасы
«Қала көшпенділері» жобасының жаңа сатысында біз қолөнершілер мен дизайнерлердің арасында шығармашылық сұхбат орнату арқылы өткеннен болашаққа ауысамыз. Қолөнершілер мирасты сақтап қалудың мүддесін білдіреді, ал дизайнерлер түрлі эксперимент жасап, жаңа пішіндерді қалыптастырады. 2017 жылы «Қала көшпенділері» бағдарламасына қатысушылар «қала көшпенділері» деген ұғымды қалыптастырып, олардың тұрмыс салтына тән мәдени кодтарды анықтау үшін зерттеу жүргізді.