Қорытынды жоба 2023 жылы жергілікті қолөнер нарығын таныту және интернализацияны қолдау үшін, сондай-ақ Орталық Азиядағы Crafting Futures бағдарламасының мұрасын атап өту үшін өткізілді.
Өзбекстан мен Қазақстаннан келген жиырма бес қолөнерші мен дизайнер мұра туралы көбірек зерттеп білу үшін ортақ семинарда бас қосты. Оларға жергілікті материалдарды пайдалана отырып, тарихи ұлттық мұрадан шабыт алған халықаралық және жергілікті нарыққа да сай жаңа әрі жоғары сапалы өнім немесе өнім түрлерін бірлесе әзірлеу тапсырылды.
Жаңа өнімді жасаудың шарттары:
- Сапа: жоғары сапалы және мүмкіндігінше жергілікті материалдарды пайдалану, өндіріс технологиясының жоғары деңгейі және өнім детальдеріне назар аудару
- Шынайылық: дәстүрдің шынайы көрнекі көрінісі
- Инновация: шығармашылық материалдар, дизайн және өндіріс процесі арқылы дәстүрлі және заманауи үйлесімге ұмтылу
- Қоршаған ортаға әсері: материалдар мен өндіріс технологияларын пайдалану кезінде қоршаған ортаға ұқыпты қарау
- Әлеуметтік жауапкершілік: еңбек этикасын бұзбау және заңсыз еңбек әдістерін қолданбау
- Нарықтағы сұраныс: өнімнің функционалдығы, пайдалану қауіпсіздігі, баға мен сапаның теңдей қатынасы
Мұнда сіз семинар фото таба аласыз және жұмыс нәтижесімен таныса аласыз.