2019 жылы Британ Кеңесі Ұлыбританияның университеттері, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстандағы қолөнермен айналысатын ұйымдар арасында осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында серіктестер табу үшін ашық байқау жариялады. Нәтижесінде, Ұлыбританиядан екі (Royal College of Art мен University of Leicester) және жергілікті аймақта екі (Қазақстанның қолөнершілер одағы мен Орталық Азия қолөнерді қолдау ассоциациясының Қырғызстандағы Ресурстық орталығы(CACSARC)) серіктестер жобаны әрі қарай жүзеге асыру үшін ортақ грантқа ие болды. Оқу сапарының (Scoping visit) нәтижесінде 2019 жылдың қазан айында британдық серіктестер екі елдің қолөнер саласындағы өнеркәсіптің жағдайы туралы баяндама жасады, онда елдегі қолөнер саласын жетілдіру бойынша, оның ішінде жаңадан бастаушылар мен тәжірибесі бар қолөнершілер арасында бизнес білімінің сапасын жақсарту мақсатында өткізілетін алдағы шаралар баяндалған. Үш жылдық жобаның келесі кезеңінде британдық серіктестердің 2020 жылдың ақпан-наурыз айларында өнеркәсіп жетекшілері мен тәжірибелі қолөнершілер үшін Қазақстан мен Қырғызстанда оқу-жаттығу жиындарын өткізу жоспарлануда.