©

ADAMDAR/CA

Қазақстан мен Қырғызстандағы серіктестеріміз:

The Royal College of Art - Ұлыбританиядағы жалғыз университет түлектері үшін өнер және дизайн институты. Колледжде 75-тен астам елден келген 2400-ге жуық студент оқиды және QS World University пәндік рейтингі бойынша соңғы бес жылда бірінші орынды иеленіп келеді. Аталмыш колледж Ұлыбританиядағы ең қарқынды зерттеуші өнері мен дизайн ұйымы болып саналады, оның мамандандырылған бәсекелестеріне қарағанда соңғы Research Excellence Framework (REF2014)-те 4* -тен жоғары рейтингке ие. Мұндағы Байланыс Мектебі бүкіл әлемге өнер және дизайн саласындағы оқытушылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танымал, оның мақсаты шығармашылық және сыни қарым-қатынас тәжірибелері ғаламдық және жергілікті нарративтерді қалайша өзгертуге қауһарлы, сондай-ақ, әлеуметтік, танымдық және планетарлық әділеттілікке қалай ықпал ете алатынын жақсырақ түсінуге бағытталған.

The University of Leicester – 2020 жылы әлемдік университеттердің рейтингісінде 166 орынға ие болған Ұлыбританиялық зерттеу университеті (Ұлыбританияда 24 орын). Лестер Университетінің Бизнес Мектебі - бұл көшбасшылар, инноваторлар және өзгеріс жасаушылар үшін ғаламдық академия болып есептеледі. Бизнесті оқытудың 90 жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, біз бүкіл әлем бойынша бухгалтерлік есеп, қаржы, менеджмент, маркетинг және экономика курстарымен танымалмыз. Бизнестің жауапты практикасын дамыту мақсатында көшбасшылармен, менеджерлермен және ұйымдармен бірлескен жаңашыл еңбегімізді көрсете отырып, біз ғылыми зерттеулер бойынша Ұлыбританияда 14-ші орындамыз.

«Қазақстанның қолөнершілер одағы» – Ассоциацияның миссиясы - қолөнершілердің мәртебесі мен өмір сүру деңгейін жоғарылату, қолөнер шеберлерінің арасында кәсіпкерлікті қолдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мәдени мұрасын сақтау және дамыту, қолөнерді ел ішінде және шетелде кеңінен насихаттау. Ол бүкіл Қазақстан бойынша 600-ден астам қолөнершілерді біріктіре отырып, Бүкіләлемдік қолөнер кеңесінің ұлттық мүшесі болып табылады. 

Қырғызстандағы қолөнерді қолдау жөніндегі Орта Азиялық қауымдастықтың Ресурстық орталығы (CACSARC) – «CACSARC-kg» 2009 жылғы наурызда Қырғызстанда қолөнер мен дәстүрлі мәдениетті дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін тәуелсіз қоғамдық қор ретінде тіркелген. Орталықтың миссиясы - Қырғызстан мен Орта Азияда қолөнерді жандандыру және дамыту; Орталық Азия мәдениеттерін өзара байыту мақсатында қолөнершілер күшін біріктіру; әлемдік нарыққа кіру.