ADAMDAR/CA - мен серіктестікте дайындалған хиқаялар.

Крис Эванс

Крис Эванс билеуді және дүние жүзіне гастрольге шығуды Hofesh Shechter Company труппасының тұңғыш бишілерініңқұрамында бастады. Сол кезде ол сондай-ақ Джонатан Ланнмен бірге «Оқу залы» (Reading Room) аты би қойылымы бойынша жұмыс істеді, оған Алан Рикмэн, Джульет Стивенсон және Миранда Ричардсон қатысқан болатын.

Содан кейін ол Lost Dog ұжымында билей бастады да, «Арғымақтар керек» (It Needs Horses) шоуын жасауға атсалысты. Бұл ұжым түрлі елдерге гастрольге шығып, Bloomberg компаниясы демеушілік жасайтын The Place орталығының марапатына ие болды. Gecko театрында Крис 2011 жылдан бері би партияларын орындап, «Сағыныш» (Missing) және «Институт» (Institute) қойылымдарын жасау мен дүние жүзінде көрсету бойынша жұмыс істеді.

Крис Эванс Нью-Йорктегі Метрополитен-опера театрындағы «Екі ұл (Two Boys) премьералыққойылымында хореограф Хофеш Шехтердің көмекшісі ретінде онымен шығармашылық ынтымақтастығын жалғастыруда.

Крис сондай-ақ кино өндірісіндегі өзінің жұмысын жалғастырып, көптеген анимациялық және би жобаларына, соның ішінде комик Эдди Иззардтың жобасына хореограф ретінде қатысты.

Амит Лаав

Амит Лаав Gecko театрының көркемдік жетекшісі болып табылады. Ол – сыншылар таныған алты қойылымның авторы: «Тейлордың манекендері» (Taylor’s Dummies), «Жарыс» (The Race), «Араб пен еврей» (The Arab and The Jew), «Пальто» (The Overcoat), «Сағыныш» (Missing) және «Институт» (Institute). Осы қойылымдардың барлығы да британдық көрерменге де, дүниежүзілік көрерменге де көрсетілді және Амит олардың алтауының барлығында ойнады. Сонымен қатар 2015 жылы ол «Сеніңөміріңнің кезеңі» (The Time of Your Life) атты шоуды қойып, BBC компаниясының «Сахнада» тележобасының шеңберінде BBC4 арнасында ойнады.

Израильден шыққан Амит физикалық театр жанрында білім алып, жанрдың бірқатар ізашарларымен, соның ішінде Линдси Кемппен бірге оның «Варьете» (Variété) және «Элизабеттің ақырғы биі» (Elizabeth’s Last Dance) атты шоуында, Стивен Беркоффпен, Кен Кэмпбеллмен және Дэвид Гласспен «Қорқынышты омыртқа» (Unheimlich Spine), «Қабырғадан» (Off The Wall) және «Көгілдір жоталар» (Blue Remembered Hills) атты шоуларда жүмыс істеп үлгерді. Ол сондай-ақ Дэвид Гласстың Аргентина, Бразилия, Камбоджа, Италия, Лаос, Таиланд, Англия, Вьетнам және басқа елдердегі қараусыз балалар туралы «Жоғалған балалар» (Lost Child) жобасының басты қатысушысы болды.

Көптеген жылдар бойы Амит бүкіл дүние жүзіндегі түрлі компаниялар үшін режиссер, медиатор, сценарий жазушы және хореограф ретінде жұмыс істеді. Соңғы жылдары ол сондай-ақ жас әртістер мен театр ұжымдарына арналған білім беру жобаларымен айналысады.

Райен Перкинс-Ганьe

Райен Перкинс-Ганье Gecko театрында 2012 жылдыңқаңтарынан бастап жұмыс істеп, «Сағыныш» және «Институт» қойылымдарын жасау мен көрсетуге атсалысып келеді. Ол сондай-ақ 2015 жылдыңқарашасында BBC4 арнасында көрсетілген «Сеніңөміріңнің кезеңі» атты шоуға қатысты.

Райен 2013 жылы Paramount кинокомпаниясы шығарған «Ғаламдар соғысы-2» фильміне түсті.  Фильмді түсіру кезінде ол сондай-ақ зомбилердіңқимыл-қозғалыс мәнерін жасауда «Оскар» киносыйлығының иегері Энди Джоунспен және хореограф Алекс Рейнольдспен қоян-қолтық ынтымақтаса жұмыс істеді.

Ол Cholmondeleys және Featherstonehaughs би ұжымдарымен 2003 жылдан бастап жұмыс істеп, екі жыл бойы Леа Андерсонның көмекшісі болды. Райен сондай-ақ Гэри Кларк, Фрауке Реквардт және Fabulous Beast сияқты көптеген басқа ұжымдармен және хореографтармен бірге жұмыс істеді. Ол Дэвистегі Калифорния Университетінде театр мамандығы бойынша білім алып, ол жерде сондай-ақ корейлік шебер Сук Ку Кимнен аралас жауынгерлік өнер түрлерін бес жыл оқып-үйренді.

Франсуа Тестори

Францияның оңтүстігінде туып-өскен Франсуа Тестори өзінің би жолындағы мансабын Морис Бежардың «Мудра» мектебінде оқудан бастады. Онда ол Азарий Плисецкийден (атақты Майя Плисецкаяның бауыры) және КубаныңҰлттық балетінде жұмыс істейтін Хосе Парестен балет өнерін, Марта Грэм мен Флора Кушмэннен би тәсілдерін, Альфонс Гористен және Джон мен Джозеф Блэтчлиден актерлік шеберлікті оқып-үйренді.

Содан кейін ол әйгілі Линдси Кемптің би труппасында өнер көрсете бастады да, көп ұзамай жетекші бишілердің біріне айналды. Франсуа осы күнге дейін Кемппен жұмыс істеуін жалғастырып келеді.

Қазір Франсуа Тестори Лондонда тұрады және еркін актер ретінде көптеген шоуларды жасауға қатысады әрі оларда өнер көрсетеді. Ол сондай-ақ Симон Винченцидің музыкалық би қойылымындағы «Империя» (Empire) атты өзінің кабаре-шоуында өнер көрсетеді және белгілі Graindelavoix көне музыка ансамбліне қатысады. Достарымен бірлесіп ол 2003 жылы француздық электрондық музыка мәнеріндегі Sarrazine альбомын шығарды.

Франсуа Линдси Кемптің «Фасад» (Façade) және «Гофманның ертегілері» (Tales of Hoffman) қойылымдары, Tour De Force Company үшін «Кішкентай ханзада» (Le Petit Prince) , Dirty Stop Out тобы үшін кабаре-шоу және өзінің «Спектр» (Spectre), «Бүркеніш астында» (Veiled) және «Қанды өзен» (Of the Blood River) қойылымдары бойынша хореограф болды.

Anna Hasper

Emma Walker

Grace Brennan

woman with the background

Айжан Бекқұлова

Жастығында Айжан Бекқұлова кіші ғылыми қызметкер болып істеген. Кейінірек өмірін түбегейлі өзгертіп, «Қазақфильм» киностудиясында фильм директоры ретінде жұмыс жасай бастайды: портфолиосы көрнекті қазақстандық, ресейлік және кеңестік кинорежиссерлармен ортақ жобалармен толығады. 1990 жылдан бері Айжан Бекқұлова өзінің бар шексіз энергиясын Қазақстан мен Орта Азия бейматериалдық мұрасын сақтау және қолөнердің қайта өркендеуіне бағыштайды.

Толық ақпарат сілтеме бойынша

Икрам Рафиков

Әкем маған қатты әсер етті. Мектепте оқып жүрген кездерімде әкем менен өскенде кім болғым келетін сұрайтын. Әрқалай жауап беретінмін: біресе фотограф, біресе дәрігер, біресе тағы басқасы. Мектеп бітіргеннен соң әкем өзінің Көркемсурет қорындағы зергерлікпен айналысатын досымен мен де осы қолөнерді игеріп алуым үшін таныстыруды ұсынды. 

Толық ақпарат сілтеме бойынша

Мадияр Жапабаев

Менің есімім Мадияр Жапабаев, жасым жиырма тоғызда. Оңтүстік Қазақстан, Кентау қаласының маңындағы Ащысай елді мекенінде дүниеге келгенмін.

Отбасымда қолөнершілер болмаған, тек әкемнің інілері ағашпен айналысады.

2012 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің графика факультетін бітірдім. Оқу бітіргеннен соң Алмас Мұстафаевтың шеберханасында жұмыс істеп, алғашқы аспаптарымды жасай бастадым.

Толық ақпарат сілтеме бойынша