Ежелгі көшпенділердің жерінде тұратын адамдар өздерінің ата-бабаларының рухының мұрагерлері бола ма? Олар бабалардың салып кеткен соқпақтарына қайта орала ма әлде ол соқпақтар совет дәуірінің небары бірнеше ондаған жылдық насихатының нәтижесінде түгелдей құрып кетті ме? Көшпенділер болмысы туралы мәселе адамның өзіндік сана-сезімінің мәселесі ме әлде қазір бұл мәселе мағынасын жоғалтты ма? Мәдениеттің ерекшеліктері коммунистік идеология мен жаһанданудың ықпалынан жоғалып кетті ме? Көшпендіні космополит деп атауға бола ма? Біздің қалалар қазіргі заманның көшпендісі үшін жаңа жайылым болып табыла ма? 

Отарланған және одан кейін совет идеологиясының ықпалында болған үш жүз жылдан кейін қазақстандықтардың жаңа буыны жаңадан ие болған тәуелсіздік дәуірінде осы сұрақтарға жауап іздеуде. 

Соңғы жылдар ішінде шетелде өз орнын тауып, әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшелеріне айналамын деген үмітпен көптеген адамдар елден жыраққа кетті. Кейбіреулері қайтып оралды. Баяғы заманда Ұлы Жібек жолымен таңсық қазыналар қалай әкелінген болса, қазіргі адамдар да өздерінің саяхаттарынан тәжірибе мен жаңа машықтарды әкеліп, алған білімін жаңа индустрияларды құруға пайдаланып, Қазақстанның ежелгі тұрғындары армандаған дүниені іске асыруға тырысады. Қазақстан мәдениет пен әлемдік тәжірибенің қиысымы сән, дизайн, кинематограф пен кескіндеме әлемінде өзінің қайталанбастығы жағынан таңдай қақтырарлық нәтижелерге әкеледі. 

City Nomads аталған сұрақтарға қазақстандық суретшілер мен дизайнерлердің еңбектері арқылы назар аударады, себебі бұл еңбектерде олардың ішкі жан дүниесіндегі көшпенді өз бейнесін табады.