жұмыс туралы

Дала – өсімдік жамылған орасан зор аумақ – Қазақстанда 2200 километрге созылады және қазақтың көшпенділік мәдениетінің ең маңызды бөлігі болып табылатыны айқын. Осы шетсіз-шексіз дала – көшпенділердің философиясының, өмір салтының, музыкасы мен эстетикасының бастау бұлағы.

Қазақстанның батысында орналасқан Арал теңізі бір заманда әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі болған.

Ұшы-қиыры жоқ дала мен Арал теңізі Төлеген мен Катя үшін шабыттың қайнар көзіне айналды. Суретшілер осынау байтақ жерлерде өмір сүретін және олардың біртіндеп өзгеруін байқап жүретін жалғыз басты әйелді бейнеледі.  

Төлеген бұл әйелді 1920 жылдардың ескі фотосуреттерінен және даланың мәңгі байтақ жазирасынан көреді; ол оның мінезін халық әндерінің сақталып қалған мәтіндері – көшпенділер мәдениетін табыс ететін ең маңызды әрі шыншыл дереккөз ретіндегі ауызекі өнер арқылы суреттейді. 

Катяның кейіпкері кезекті өзгерісті байқай отырып әрі оған араласпастан қабылдай отырып, жеріне адал күйінде қалады. Табиғатты осылайша қабылдау – көшпенділердің философиясы, Катя оған ортақтасады.

төлеген және катерина

Төлеген Батентаев 1984 жылы Қазақстанда, Қарағанды қаласында музыканттар отбасында туған. 2005 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын бітірген, содан кейін Central Saint Martins өнер және дизайн колледжінде (Лондон) және Domus Academy өнер академиясында (Милан) интерьер дизайны бойынша қысқаша курстан өткен.  2009 жылдан 2012 жылға дейін Төлеген Сан-Франциско өнер академиясында оқып, сәулет магистрі дәрежесін алған. Оның "Лукатека: Сән саласындағы қоғамдастық" атты дипломдық жобасы университеттің үздік жобалырының жыл сайынғы көрмесіне қойылған. 

2013 және 2014 жылдары Төлеген Алматыдағы Art of You көрмелеріне қатысып, олар үшін сәулет инсталляцияларын жасады. 2015 жылдың сәуір айында ол Mercedes-Benz Fashion Week Almaty сән апталығына өзі жасаған, әйелдерге арналған киім жинағымен қатысты.

Катерина Суворова 1983 жылы ССРО-да туып, Қазақстан, Алматы қаласында өскен, осында көркемдік білім алған. Ол Мәскеудегі Сценаристтер мен режиссерлердің жоғары курстарында және Лос-Анджелестегі Вернер Херцогтің Rouge Film киномектебінде ойын кинематографы бойынша білім алды.

Ол түрлі халықаралық фестивальдің марапаттарын иеленген бірнеше қысқа метражды деректі фильм түсірді. Оның «Екі велосипед» деп аталатын қысқа метражды фильмі (2006 ж.) Ресейдің «Киношок» фестивалінде Сыншылар гильдиясының марапатын алды. Келесі фильмі – «Артық қамал» (2007 ж.) Ресейдің «Әулие Анна» ұлттық сыйлығымен марапатталды. «Ж» атты фильмі (2008 ж.) Ресейдің «Киношок» фестивалінде Роберт Бошан қорының арнайы жүлдесін иеленді. 2010 жылы бірлескен «ЕРТЕҢ - ТЕҢІЗ» фильмінің жобасы Германияның Висбаден қаласындағы GoEast кинофестивалінде Роберт Бошан қорының жүлдесіне ие болды да, содан кейін фильмді түсіру басталды. Катерина тел автор әрі монтажер ретінде Джулиан Ассанждың «Медиастан» фильмін түсіруге қатысты. Бұл фильм 2014 жылы Гетеборг тәуелсіз кинофестивалінде Үздік деректі фильм деген атаққа ие болды.

Қазіргі сәтте Катерина Алматыдағы иесіз тұрған обсерваторияға арналған «ҒАЛАМШАРЛАР ӨМІРІ ТУРАЛЫ» атты жаңа деректі фильмді түсіруге кірісті.