ЖҰМЫС ТУРАЛЫ
Ғасырлар бойы Қазақстанның жерін түрлі халықтар мекендеді, бұл: скифтер мен сақтар, ғұнндар мен моңғолдар. Бүгінгі таңда да Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері тұрады. Бүкіл тарихты алатын болса, адамдардың ең үлкен құрметіне ие болған – елді төрт жүз жылға жуық билеген хандар болса керек, ал хандықтың негізінің қалануы қазақ мемлекеттілігінің басталуы болып саналады.
City Nomads көрмесіне қатысушылар өздерінің тарихын жақсы біледі. Данила Кучумовтың жинағының кейіпкері – «қазіргі заманның ханы». Данила ежелгі хандардың билігі мен тәуелсіздігінің және әлеуметтік желілер арқылы әркім өзін өзі тамашалап әуре болған қазіргі заманғы жастардың өмір салтының арасындағы өзара байланысты кекесінмен қарастырады.
Étage Magazine ұмыт болуға айналған өткен уақытты және дизайндағы заманауи бағыттарды ұштастырады. Қазақстанда осы тақырыпта шығарылатын бірден бір журнал Étage Magazine өткен кезді: дүние жүзіндегі тұңғыш космодром Байқоңырдағы фэшн-түсірілімдерден бастап, қазақтың ұлттық кілемдерінің көне заманнан қазіргі дәуірге жалғасқан тарихына дейін, қазіргі заманғы құбылыстардың фоны ретінде жиі пайдаланады.
данила мен Étage
Данила Кучумов 1997 жылы туған. Киім дизайнын өз бетімен оқып-үйренген. Түрлі ұйымдар мен жобаларда, соның ішінде Harper's Bazaar, Clique кинофестивалі, Almaty Urban Forum, AB Restaurants, SNC журналында графикалық дизайнер болып жұмыс істеді. Киім дизайнымен шұғылданады: Khan Kuchum брендін құрушы әрі дизайнері болып табылады. Қазіргі кезде Данила графикалық дизайнер әрі иллюстратор болып жұмыс істейді. Ол сондай-ақ Khan Kuchum брендінің жаңа жинағын дайындауда.
Étage Magazine – мәдениет пен дизайнға арналған басылым, ол өнер, мәдениет, дизайн, ғылым мен сәулет әлеміндегі шығармашылық үдерістерді зерттеп, көпшілікке жария етеді. Étage Magazine журналы Қазақстан, Ресей, Франция, АҚШ пен Италиядағы пікірлес адамдар тобының ұжымдасқан күш-қуатының нәтижесі болып табылады, олардың ортақ идеясы – өздерінің дүниеге деген көзқарасын оқырмандармен бөлісуге деген ынта.
Журналда Уэс Андерсонмен, Аниш Капурмен, Хилтон Мак-Конникомен, Вика Газинскаямен, Питер Соннмен (Дисней) және Томас Бруммен өткізілген сұхбаттар жарияланып та үлгерді. ÉtageMagazine Ресейде, Францияда және Қазақстанда таратылады.
130-дан астам ұлт пен дүниежүзілік басты үш діннің бірге жасасып келе жатқаны сияқты толып жатқан мәдени мәнмәтіндерді ескере отырып, Қазақстан үшін жаңа сәйкестікті іздейтін уақыт келді.
ВЛАДИСЛАВ СЛУДСКИЙ, ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ARTBAT FEST ФЕСТИВАЛІНІҢ АРТ-ДИРЕКТОРЫ ӘРІ ТЕҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ ЖӘНЕ «ЕУРАЗИЯЛЫҚ МӘДЕНИ ОДАҚ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТЕҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ