ЖҰМЫС ТУРАЛЫ
Бейімділік – көшпенділердің мінезін айқындайтын нәрсе, және ол қазіргі заманғы Қазақстанға тән сипат болып қалуда.
Лиза Киннің жазылмалы кереуеті Алматының ескі-құсқы сататын базарларынан жиналған элементтерден құрастырылған. Жазылмалы кереует – бұл микроүй, оны өзіңмен бірге алып жүруге болады. Осы заттың жеңіл салмағының, тасып жүруге ыңғайлы болуының және оңай жасалуының астарында Лизаның өз басынан кешкен жайты жатыр: Санкт-Петербургтегі оқудан кейін Алматыға оралғанда, ол сол жақта өзінің жанына жақын заттарды өкіне-өкіне қалдырып, жаңа өмірді бастады. Олег Зуевтің фотосуреттері осы саяхатты бейнелейді.
Atomik Architecture павильоны Қазақстанның рухын – өткенін, қазіргісі мен болашағын бойына сіңірген. Павильонның пішіні көшпенді қазақтың дәстүрлі үйі – киіз үйдің пішініндей. Осы қарапайым дөңгелек тасымалы құрылым көшпендінің тәни және рухани өмірін дәл бейнелейтін дүние болып табылады. Оның сыртқы қабаттары қарапайым ағаш қаңқа мен керегекөз қабырғалардың үстінен салынған киізден жасалады. Үйдің іші табиғаттан алынған және геометриялық өрнек салып тоқылған және кестеленген маталармен молынан безендірілген.
лиза және Atomik Architecture
Лиза Кин Қазақстанда, Алматы қаласында туып-өскен. Ол А.Л.Штиглиц Санкт-Петербург мемлекеттік көркемсурет-өнеркәсіп академиясында, сондай-ақ Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында тоқыма бұйымдары жөніндегі суретші мамандығы бойынша білім алды.
Содан кейін Лиза қызмет саласын кеңейтіп, кескіндемемен, фотосуретпен және интерьерлерді безендірумен шұғылдана бастады. Лизаның қазіргі жобаларының бірі – PINK PONG бар, онда дизайн мен қазіргі заманғы өнер жарқын бейнеде паш етілген.
Atomik Architecrture. Atomik Architecrture компаниясының негізін қалаған кезімізде, бізде бөлінбеушілік деп аталатын құбылыс туралы идея болды. Идеяның мәнісі адамдардың мүлде дерлік бір біріне ұқсамайтын сан алуан топтарын біріктіріп, олардың осы топты құрайтын бөліктердің жай ғана жиынтығы емес, одан гөрі әлдеқайда үлкенірек бір нәрсені жасау мақсатында ынтымақтасуы еді.
Біздің жобаларымыздың барлығы да таңқаларлық, сонымен қатар алуан түрлі, олар бір тақырыпқа – тұрғын жай мен сәулет өнері тақырыбына біріккен, бұл тақырып жобаның шеңберінен, клиенттің мәдениеті мен талғамынан тәуелсіз әрқашан да өзекті бола бермек.
Статика және динамика. Дүниежүзілік өркениеттің бүкіл тарихы шын мәнісінде белгілі бір шамада өзгеріп отыратын екі ахуалдың арасындағы қарым-қатынасты айқындау түрінде өтеді.
МҰРАТ МҰХТАРҰЛЫ ӘУЕЗОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, МӘДЕНИЕТТАНУШЫ