ЖҰМЫС ТУРАЛЫ
Көшпенділердің өміріне бағыт беретін – нысаналы жерлер, үздіксіз қозғалыс арқылы көшпенділер кемеңгерлікке жетеді. Сан алуан елдерге саяхат жасай отырып, қазіргі заманғы көшпенділер жаңа тәжірибе жинап, әлем мен өздері жайлы көбірек танып-біледі.
Әсел Нүсіпқожанова мен Қайрат Темірғали бірлескен жобасында жайылымнан қалаға, дүниені кезуден тұрғылықты қонысқа ауысудағы өздерінің тәжірибесін бөліседі. Олар шертетін хикаяның қазіргі заманғы кейіпкері – жас қыз ауылдан қалаға көшеді. Ол дәстүрлі шапанға ұқсас етіп сырып тігілген джинс киімді киіп жүреді. Қалада ол жаңа тәжірибе жинайды, оның кісілік тұлғасы қалыптасады, жаңа оқиғалар орын алып, жаңа әсер алынады, жаңа бейнелер жасалады, және де осы өрнектер саяхаттардан әкелінген базарлықтар сияқты шапанда өз бейнесін табады.
әсел және қайрат
Әсел Нүсіпқожанова 1991 жылы Қазақстанда, Талдықорған қаласында туған.
2011 жылы О. Таңсықпаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін «Суретші - сәнгер» мамандығы бойынша бітіріп, содан кейін Istituto Marangoni Milano институтының киім дизайны факультетіне оқуға түскен. 2014 жылы университетті бітірушілердің көрсетілімінде 150 түлектің арасында үздік киім жинағы үшін марапатты иеленді. Миланда оқыған кезінде Әсел Salta (Алматы), Vika Gazinskaya (Мәскеу) және dsquared2 (Милан) сияқты сән маркаларымен машықтанушы ретінде жұмыс істеді. 2015 жылғы қайтар айында Etage дизайн-бюросымен бірлестікте ASSEL дебюттік көрсетілімі ұйымдастырылып, Multimedia Open Space Almaty галереясында қосарлы шоу пішімінде өткізілді (дефиле соңынан Максим Малов бұрынырақ түсіріп, кеңістік пен экрандарға дәл келтіріп құрастырған бейнекөріністер көрсетілді). Әсел 2016 жылғы ақпанда British Council ұйымының көмегімен International Fashion Showcase көрмесіне қатысты. Қазір Әсел өзінің ASSEL атты киім брендінің дизайнын жасаумен айналысады, көрмелер мен коллаборацияларға қатысады.
Қайрат Темірғали 1987 жылы Қазақстанда, Қаратау қаласында туған. 2010 жылы ол Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Кинооператор» мамандығы бойынша бітірген.
Қайрат «Қазақфильм» киностудиясында оператор болып жұмыс істеп, 2013 жылы «Үйлесімділік сабақтары» (Үздік суреткерлік жетістіктері үшін Күміс аю жүлдесі) және 2016 жылы «Жаралы періште» (Оңтүстік Кореядағы Халықаралық кинофестивальдің қазылар алқасының арнайы жүлдесі) жобаларына қатысты.
Ол Berlinale Talents жобасы үшін қысқа метражды фильмдер түсіруге ат салысты және Қазақстандағы қуғын-сүргіннің құрбандарына бағышталған «1937: Естелік аумағы - Жоқтау» арт-жобасының бейнеинсталяциясы бойынша жұмыс істеді.
Көшпенді өмір салтының түрлері сан алуан болса да, бүгінгі таңда бүкіл адамзат көшпенділерге айналып бара жатқан уақыт келе жатыр.
МҰРАТ МҰХТАРҰЛЫ ӘУЕЗОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, МӘДЕНИЕТТАНУШЫ