ЖҰМЫС ТУРАЛЫ
Көк базар Алматы қаласының ортасында орналасқан. Ол бізге Ұлы Жібек жолының керуен сарайларынан мұраға қалған, ал бүгінгі таңда адамдардың, мәдениеттер мен тауарлардың тоғысатын жері болып отыр.
Диас Мурзабеков және Experimentarium базар – қаланың бет-бейнесі екеніне сенеді. Диастың суреттерінде базардың байлығы мен этникалық сан алуандығы көрініс табады, ал Experimentarium оның қазіргі заманғы келбеті, эволюцияның келесі сатысы болып табылады. Дәстүрлі материалдарды – киізді, былғары мен ағашты пайдалана отырып, қазақстандық жас дизайнерлер көшпенділердің салт-дәстүрлерін заманауи тұрғыдан түсіндіру арқылы қалпына келтіреді. Мысалы, трансформер сөмке оп-оңай дастарқанға айналып, қазіргі заманғы көшпендінің өмір салтына тән әмбебаптылық пен бейімділікті паш етеді.
диас және Experimentarium
Диас Мурзабеков 1986 жылы Қазақстанда, Алматы қаласында туған. Диас 2003 – 2005 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Станокты кескіндеме» мамандығы бойынша білім алды. 2006 жылы Диас Central Saint Martins өнер және дизайн колледжіне (Лондон) оқуға түсіп, графикалық дизайнды оқып-үйренді. 2010 – 2014 жылдары ол Central Asia Production компаниясында графикалық дизайнер ретінде жұмыс істеді.
Диас Abai 45 – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларының дыбыстық нұсқасын жасау; Beatles go Baroque - «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблінің концерті; Bazar Zhoq – қазіргі заманғы графиканың Алматыдағы көрмесі сияқты жобаларда жұмыс істеді. Диас сондай-ақ Artbat Fest-2013 қазіргі заманғы халықаралық өнер фестивалінің дизайнын әзірледі.
Ол – Almaty Print Club және Almaty Design School ұйымдарының негізін қалаушы әрі директоры.
Experimentarium – шығармашылық тәжірибелерге арналған алаң, Қазақстанның заттар мен сән дизайны саласында жұмыс істейтін 85 шақты дизайнер мен дизайнерлік бренд атынан өкілдік ететін ритейл-кеңістік. (Алматы – 2014 жылғы желтоқсаннан бастап, Астана – 2016 жылғы желтоқсаннан бастап).
Experimentarium жобасының мақсаты – жергілікті дизайнды қолдау мен насихаттау, жергілікті сатып алушыны жаңа өнімдермен таныстыру, дизайнерлерге арнап білім беретін модульдерді өткізу.
…дүниеден бағзы заманда өтіп кеткен ұрпақтардың идеялары мен нанымдары қазіргі заманда маңызды рөл атқаруын жалғастыруда: Әсел Нүсіпқожанованың шапандары мен шекпендері және Диас Мырзабековтың базары көшпенділерге қалалық немесе ұжымдық өмір сүру сезімін берген мәдениеттің тарихи элементі іспетті
ПРОФЕССОР АЙГҮЛ ЗАБИРОВА, ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ДОКТОРЫ, ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, АСТАНА, ҚАЗАҚСТАН