«Мен өмірде маңызды төрт нәрсе бар деп ойлаушы едім, бұл: дін, махаббат, өнер мен ғылым… Қазір солардың ішіндегі ең іске татыры ғылым болып көрінеді. Ол да дін сияқты, бәлкім, түптің түбінде бәрі де жақсы болар деген үміт отын жағады».
Дэмиен ХЁРСТ – «new religion» көрмесі туралы, 2006 ж.
Көрменің әр түрлі элементтері бір тілекке - ажалды жеңу деген тілекке, бірақ оған қарсы тұра алмауға бағышталған шағын шіркеудің кеңістігін құрайды.
«New Religion» көрмесінің кеңістігін қалыптастыратын қырық төрт принт пен төрт мүсін «Дүниенің жаратылуынан» бастап «Крест жолы» арқылы «Қиямет күніне» дейінгі фрескалар топтамасын құрайды. Принттер самырсын ағашынан жасалған крест, асыл тастармен безендірілгендей домалақ дәрілермен көмкерілген баланың бас сүйегі, орасан зор мәрмәр таблетка және ұстара мен шприц инелері сұғылған, тікенекті сымға оралған жүрек қойылған мехрабты қоршай орналастырылған. Хёрст киелі мен пендешіліктің одағы, өмірдің осалдығы және адамның ұзақ ғұмыр сүруге ұмтылысы жайында ой толғайды.