©

The Eucharist (2005), photographed by Prudence Cumming Associates, courtesy Paul Stolper Gallery © Damien Hirst and Science Ltd. All rights reserved, DACS 2016

«Ғылым дерттен жаза алады деген ұғымның өзі өмірге қайта оралтуы мүмкін… Бұл ғылым – жаңа дін сияқты».

Дэмиен ХЁРСТ. «new religion» КӨРМЕНІҢ КАТАЛОГЫ, ПОЛ СТОЛПЕРДІҢ ГАЛЕРЕЯСЫ, ЛОНДОН, 2006 ж.

Дэмиен Хёрсттің Шон О’Хаганға берген сұхбатынан үзінділер, 2006 жыл

КӨРМЕ НЕЛІКТЕН «new religion» ДЕП АТАЛАДЫ?

Дэмиен Хёрст: Мен көптеген адамдар үшін ғылым жаңа дінге айналды деген ойдан арыла алмадым. Міне, шынымды айтсам, осылай – әрі қарапайым, әрі күрделі.

КӨРМЕНІҢ БАСТЫ ИДЕЯЛАРЫ ҚАНДАЙ? ЖӘНЕ ДЕ ОЛАР ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛА БЕРЕ МЕ?

Көрменің өзіне келетін болсақ, бәрі де пішіннен басталады – мысалы, препараттар салынған шкафтардың барлығы түсіне қарай реттеп орналастырылған. Маған «Неліктен дәл осылай орналастырдыңыз?» - деген сұрақ қояды. Бұл сұраққа байырғы суретшінің сөзімен жауап беремін: түс, пішін. Яғни, бір нәрсені жұмбақ сияқты жасыруға, сөйте тұра әдеттегі көркемдік шешімдерді қабылдауға болады: заттарды түсі мен пішімі бойынша үйлесетіндей етіп орналастыру. Суретші әдетте дәл осылай істейді».

… БҰЛ КӨРМЕНІҢ ҮЛКЕН ТАҚЫРЫБЫ БАР МА? ҮЛКЕН ХЁРСТ ТАҚЫРЫБЫ МА?

«Мен бұрын өмірде маңызды төрт нәрсе бар деп ойлағанымды есіме аламын, бұл: дін, махаббат, өнер және ғылым. Ең дұрысы – бұлар қараңғыда жол табуға көмектесетін құрал-сайман болуы керек еді. Ал іс жүзінде олардың бір де біреуі жүз пайыз жұмыс істемейді, алайда олардың көмегі бар. Қазір солардың ішіндегі ең іске татыры ғылым сияқты көрінеді. Ол да дін сияқты, бәлкім, түптің түбінде бәрі де жақсы болар деген үміт отын жағады».

Бұл жерде мен негізінен адамдардың ғылым мен діннің одағы туралы ойланғанын қаладым. Адамдардың түсінігінде олар көбінесе бір бірінен бөлек: ғылым суық әрі аса объективті болып көрінеді, ал дін сезімге, сүйіспеншілікке толы, жып-жылы болып елестейді. Мен осы аражікті аттап өтіп, объективті әрі суық, бірақ барлық діни, метафизикалық коннотациялары бар бір нәрсені көзіме елестеткім келді.

ПРЕПАРАТТАРДЫҢ АТАУЛАРЫ ШЫНЫНДА ДА ТЫЛСЫМ СЫРЛЫ, ОСЫҒАН КЕЛІСЕСІЗ БЕ? ПРОЗАК, ТЕМАЗЕПАМ, ВАЛИУМ… ӘУЛИЕЛЕРДІҢ ЕСІМДЕРІ ҚАНДАЙ БОЛСА, ДӘЛ СОЛАЙ ДЕРЛІК ҚҰПИЯҒА ТОЛЫ…

О, иә, атаулары! Аминазин! Осыны қайдан алады? Бүгінгі таңда фармацевтік компаниялар өздеріне діни мекемелердің мұратын алған: біз сізге өзіңізді жақсырақ сезінуге көмектесеміз. Әулие Аминазин! Дәрі-дәрмек дегеніміз  – жаңа дін.

МӘТІННІҢ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ШОН О’ХАГАНҒА ТИЕСІЛІ (SEAN O’HAGAN, 2006).