Мүсіндеме бойынша жұмыстарымен қатар Хёрст «Фармацевтика» (The Pharmaceutical Paintings) деген жалпы атаумен аталатын, дөңгелекшелері бар суреттердің шектелмеген топтамасы бойынша жұмыс істеді. Оның айтуынша, «бұл фармацевтік компаниялардың өмірге деген ғылыми тәсілдемесі сияқты, кескіндемеге деген ғылыми тәсілдемені білдіреді».
Хёрсттің шеңберлері – мәдениеттер мен тілдердің аражігін жоятын жалпы дүниежүзілік рәмізі бар картиналары қазіргі заманғы өнердің барынша елеулі шығармаларының қатарына жатады.
13 принттен тұратын өзінің жібекке жазылған туындыларының «Құпия кездесу» (The Last Supper) атты тұңғыш үлкен топтамасында (1999 жыл), Хёрст кейбір дәрі-дәрмектердің орауыштарының дизайнын пайдаланды, бірақ бұл орайда препараттардың бастапқы атауларын Ұлыбританиядағы кафелердің мәзірлеріндегі танымал тағам атауларымен ауыстырды.
2002 жыл Хёрст принт-гравюралардың тағы екі топтамасын жасады – «Шыр айналғанда. Әлем заттарға қалай әсер етеді. I және II том» (In a Spin, the Action of the World on Things, Volumes I and II). Бұл айналып тұрған кенепке бояу жағу жолымен жасалатын айналма картиналарының қазіргі үлкен топтамасының жалғасы болды.