Дэмиен Хёрст Бристольде туған. 1983-1985 жылдары Лидстегі Джейкоб Крамер Колледжінде және 1986-1989 жылдары Лондон университетінің Голдсмит колледжінде оқыды.

«Өнер өмір туралы әңгімелейді, ол басқа ешнәрсе туралы айта алмайды… Басқа ештеңе де жоқ».

1987 жылы Хёрст Freeze атты топтық көрмені ойлап тапты да, оның кураторы болды. Осы оқиға тек Хёрст үшін ғана емес, сондай-ақ британдық суретшілердің тұтас буыны үшін де бастау алатын қайнар болды.

1980 жылдардың соңынан бастап түрлі тәсілдердің – инсталляциялардың, мүсіндеменің, кескіндеме мен суреттің көмегімен Хёрст өнердің, өмір мен ажалдың арасындағы күрделі қарым-қатынасты зерттейді. Өзінің еңбектері арқылы ол қазіргі заманғы діни наным жүйелерін талдайды да, адамзаттың тәжірибесінің негізінде жатқан тұрлаусыздықтар анатомиясын танып-біледі.

1987 жылдан бастап Дэмиен Хёрст өзінің еңбектерін 80-нен астам жеке көрме мен 260 топтық көрмеге қойды. 1995 жылы ол Тёрнер сыйлығын иеленді.

Дэмиен Хёрсттің ең атақты әрі танымал еңбектері – «Тірі адамның санасында ажалдың физикалық тұрғыдан мүмкін еместігі» (The Impossibility of Death in the Mind of Someone Living, 1991) – (формалин толтырылған аквариумдегі жолбарыс акуланы көрсетеді), «Құдайдың махаббаты үшін» (For The Love of God, 2007) – 8 601 гаухардан бедер салынған XVIII ғасырдағы адамның бас сүйегінің платинадан жасалған кескіні және өзінің толық мөлшерінде бейнеленген «Дәріхана» (Pharmacy, 1992).